Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Достық каналы – Өзбекстанның Сырдария облысы мен Түркістан облысы Мақтаарал және Жетісай аудандары жерімен ағып өтеді. Республикадағы маңызды су құрылыстарының

Достық каналы

  • Басты бет
  • Достық каналы

Достық каналы – Өзбекстанның Сырдария облысы мен Түркістан облысы Мақтаарал және Жетісай аудандары жерімен ағып өтеді. Республикадағы маңызды су құрылыстарының бірі. Мырзашөл өңірін игеру мақсатында Сырдария өзенінің су қорына негізделіп салынған.

Достық каналы
Орналасуы
Елдер Қазақстан
 Өзбекстан
АймақтарТүркістан облысы, Сырдария облысы
Сипаттамасы
Ұзындығы113 км
Су ағысы
БастауыСырдария
 · Бастауының орныӨзбекстан, Бекабат қаласының маңындағы Фархад ЖЭС-ы тұсы
40°11′19″ с. е. 69°18′18″ ш. б. / 40.188577° с. е. 69.304934° ш. б. / 40.188577; 69.304934 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы 
 · Сағасының орныҚазақстан, Түркістан облысы Жетісай ауданы, Датқа ауылының тұсы
40°57′25″ с. е. 68°12′07″ ш. б. / 40.956944° с. е. 68.201999° ш. б. / 40.956944; 68.201999 (G) (O) (Я)Координаттар: 40°57′25″ с. е. 68°12′07″ ш. б. / 40.956944° с. е. 68.201999° ш. б. / 40.956944; 68.201999 (G) (O) (Я) (T)
Достық каналы (Өзбекстан)
сағасы
— бастауы, — сағасы
Достық каналы Ортаққорда

Тарихы

1901 жылы «Солтүстік» канал құрылысы басталып, 1913 жылы қазан айында канал бойымен су жіберілді. 1914 жылы «Романов» каналы болып өзгертіліп, 84 км-ге ұзарды. 1926 жылы Орта Азия ауыл шаруашылық еңбеккерлерінің съезінде «Мырзашөлді игеру бағдарламасы» қабылданып, Қазақстандағы 326 мың га жерін суландырып, мақта алабын ұлғайту жедел қарқынмен жүрді. Канал көптеген ұзақ тармақтарға бөлініп, бойында мақта ұжымшарлары ұйымдастырылды. 1938 жылы канал С.М. Киров атындағы магистральды канал деп аталды. 1943 жылы батыс, 1949 жылы солтүстік, 1956 жылы орталық су жүйелері іске қосылды. 1959 – 1961 жыл|1961 жж К-34 Қызылқұм, К-25 Арнасай тармақтары толығымен салынып бітті. Каналдың іске қосылуы Мырзашөл өңірін ең ірі мақта өсіретін ауданға айналдырды.

Бастауы, сипаты

Өзбекстан жеріндегі Сырдария өзенінің жоғары ағысындағы Бекабат қаласының маңындағы Фархад ЖЭС-ы тұсынан басталады. Каналдың ұзындығы 113 км. Оның 49-ы Қазақстанның территориясынан өтеді. Канал 216 мың га жерді суландырады. Оның 136 мың га Қазақстанда.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Шығыс Африка

  • Сәуір 03, 2026

    Орталық Еуропа

  • Сәуір 07, 2026

    Қырым түбегі

  • Сәуір 08, 2026

    Брест келісімі

  • Сәуір 04, 2026

    Жапония елтаңбасы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары