Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Түркі қағанаты (552—603)Батыс Түрік қағанаты (603—704)Шығыс Түрік қағанаты (682—744)Түргеш қағанаты (704—756)Қарлұқ қағанаты (756—940)Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы

Ақ Орда (мемлекет)

  • Басты бет
  • Ақ Орда (мемлекет)
Ақ Орда

Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс, кейіннен тәуелсіз мемлекет.

 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Мазмұны

Мемлекет

XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан Шағатай мен Жошы ұлыстары тарихы аясында дамыды. Бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы түркілік ру-тайпалар қауымдыстығы ретінде жылқы шаруашылығы, қала мәдениеті мен сәулетшілік өнер, сауда-керуен жолдарын дамытумен болды. Көптеген ұлыстардың жегілікті билеуші әулет өкілдері, билері мен батырлары әлеуметтік ортасын құраған. Хандардың бір ордасы Ақ Орда деп аталды. Ол Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін көшіп жүретін хандардың ордасы еді. Ақ Орданың орналасатын ірі қаласының бірі Сырдария өзенінің орта ағысы бойында орналасқан Сығанақ қаласы болды.

Ақ Орданың халқы - ноғайлы-қыпшақтар жұрты болды. Ол қыпшақ қауымдыстығы құрамында арғын, жалайыр, наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар болды. Ақ Орда хандары - Орда-Ежен, Сартақ, Баян, Сасы Бұқа хан, Ерзен, Мүбәрәк Қожа хан, Шымтай хан, Ұрыс хан, Құйыршық хан, Барақ, Керей, Жәнібек хан және т.б.

Күшейген кезі

Ақ Орданың күшейген кезі XIV ғ. II жартысы. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болды.

Ақ Орда иелігі енді Ұрыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі — Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, Қажытарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395-жылдары Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. соңы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.

Жаңа дәуір

1423-1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбани әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы қайтыс болып, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді.

Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

Тұжырымдар

Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың қатарына «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жұртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, моңғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар.

Ноғай, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік жұрттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. "Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар" деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-1932 және 1945-1951 жылдары «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл», «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.

Ұлыс шекарасы

Ұлыс шекарасы батысында Мұғалжар тауымен, солтүстігінде сібір ормандарымен, шығысында Ертіс өзенімен және оңтүстігінде Сырдария өзенімен және Балқаш көлімен шектесіп жатты. Шибан ұлысымен қосылғаннан кейін батысында Орал өзенімен тоғысты.

Ұлыс аудандарға бөлінген:

  • Сығанақ ауданы, ұлыстың оңтүстігінде. Орталық — Сығанақ.
  • Ұлытау ауданы, ұлыстың орталығында. Орталық — Орда-Базар.
  • Шығыс ауданы (Ертіс ауданы) ұлыстың шығысында орналасқан.
  • Сарайшық ауданы ұлыстың батысында орналасқан. Орталық — Сарайшық.

Хандар тізімі

  1. Орда Ежен хан, Жошы хан ұлы 1242—1251
  2. Күнқыран хан, Орда-Ежен хан ұлы 1251—1288, Шибан 1280—1288 ұлысының ханы
  3. Қоныша хан, Сартақтай оғлан ұлы, Орда-Ежен хан немересі 1288—1302
  4. Баян хан, Қоныша хан ұлы 1302—1309
  5. Сасы Бұға, Баян хан ұлы 1309—1320
  6. Ерзен-хан, Сасы Бұға-хан ұлы 1320—1337
  7. Мүбәрәк Қажы-хан, Ерзен-хан ұлы 1337—1341
  8. Шымтай-хан, Ерзен-хан ұлы 1344—1361
  9. Ұрыс-хан, Шымтай-хан ұлы 1361—1377, Алтын Орда ханы 1374—1375
  10. Тоқтақия-хан, Ұрыс-хан ұлы 1377
  11. Темір Мәлік-хан, Ұрыс-хан ұлы 1377—1378
  12. Тоқтамыс, Түй-Қожа оғлан ұлы 1378—1395
  13. Кұйыршық, Ұрыс-хан ұлы 1395—1410
  14. Барақ хан, Құйыршық хан ұлы 1410—1428, Алтын Орда ханы 1423—1428
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 23, 2026

    Жалқы есім

  • Сәуір 04, 2026

    Ақтау жотасы

  • Наурыз 25, 2026

    Қазақтың XX ғасырдағы мәдениеті

  • Сәуір 03, 2026

    Жапон тілі

  • Наурыз 21, 2026

    Жоңғар хандығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары