Бор (лат. Borum; B) — элементтердің периодты жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, ат. н. 5, ат. м. 10,84; қара сұр түсті кристалды немесе аморфты зат (өте таза Бор түссіз). Табиғи Бордың тұрақты екі изотопы бар: 10В (19%) және 11В (81%).
| |||||||||||||||
| Жай заттың сыртқы бейнесі | |||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Қарақошқыл немесе қара зат | |||||||||||||||
| Атом қасиеті | |||||||||||||||
| Атауы, символ, нөмірі | Бор, 5 | ||||||||||||||
| Топ типі | Металлоидтар | ||||||||||||||
| Топ, период, блок | 13, 2, p | ||||||||||||||
| Атомдық масса (молярлық масса) | (10,806; 10,821) м. а. б. (г/моль) | ||||||||||||||
| Электрондық конфигурация | [He] 2s2 2p1 | ||||||||||||||
| Қабықшалар бойынша электрондар | 2, 3 | ||||||||||||||
| Атом радиусы | 90 пм | ||||||||||||||
| Химиялық қасиеттері | |||||||||||||||
| Ковалентті радиус | 84±3 пм | ||||||||||||||
| Ван-дер-Ваальс радиусы | 192 пм | ||||||||||||||
| Ион радиусы | 23 (+3e) пм | ||||||||||||||
| Электртерістілігі | 2,04 (Полинг шкаласы) | ||||||||||||||
| Тотығу дәрежелері | -3; 0; +3 | ||||||||||||||
| Иондалу энергиясы | 1-ші: 800,2(8,29) кДж/моль (эВ) | ||||||||||||||
| Жай заттың термодинамикалық қасиеттері | |||||||||||||||
| Термодинамикалық фаза | |||||||||||||||
| Тығыздық (қ.ж.) | 2,34 г/см³ | ||||||||||||||
| Балқу температурасы | 2 348 K | ||||||||||||||
| Қайнау температурасы | 4 138 K (3865 °C) | ||||||||||||||
| Балқу жылуы | 23,60 кДж/моль | ||||||||||||||
| Булану жылуы | 504,5 кДж/моль | ||||||||||||||
| Молярлық жылусыйымдылық | 11,09 Дж/(K·моль) | ||||||||||||||
| Молярлық көлем | 4,6 см³/моль | ||||||||||||||
| |||||||||||||||
| Жай заттың кристаллдық торы | |||||||||||||||
| Тор құрылымы | ромбоэдрлік | ||||||||||||||
| Тор параметрлері | a=10,17; α=65,18 Å | ||||||||||||||
| c/a қатынас | 0,576 | ||||||||||||||
| Дебай температурасы | 1250 K | ||||||||||||||
| Басқа да қасиеттері | |||||||||||||||
| Жылуөткізгіштік | (300 K) 27,4 Вт/(м·К) | ||||||||||||||
| Моос қаттылығы | ~9.5 | ||||||||||||||
| CAS нөмірі | 7440-42-8 | ||||||||||||||

Тарихы
Борды алғаш рет 1808 ж. француз химиктері Ж. Гей-Люссак пен Л. Тенар бор ангидридін металл калиймен тотықсыздандыру арқылы алған.
Табиғатта таралу
Жер қыртысындағы үлес салмағы 3•10–4%. Б. табиғатта тек қосылыстар құрамында (бор қышқылы H3BO3, бура Na2B4O10H2O) кездеседі. Қазақстанда бор кендері, ашарит, борацит, гидроборацит, пандермит, т.б. минералдар түрінде кездеседі. Таза кристалды Бордың тығыздығы 2,3 г/смі, балқу t 2075оC, қайнау t 3860оC, қаттылығы жағынан алмаздан кейін екінші орында.
Қасиеттері
Кристалды Бор — шала өткізгіш. Қалыпты жағдайда электр тогын нашар өткізеді, бірақ 800оС-қа дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі артады. Бор комплексті қосылыстар түзуге бейім, көпшілік қосылыстарында үш валентті. Борды 700оС-қа дейін қыздырғанда Бор ангидриді (В2О3), ал оны суда еріткенде бор қышқылы (Н3ВО3) түзіледі.
Бор қышқылының тұздарын бораттар деп атайды. 900оС-тан жоғары қыздырғанда Бор азотпен бор нитридін (ВN), көмірмен бор карбидін (В4С), металдармен боридтер түзеді. Бjhды таза күйінде бор ангидридін (В2О3) тотықсыздандыру арқылы алады. Бjh және оның қосылыстары — диэлектриктер мен шала өткізгіш заттар ретінде және ядролық реакторларда, медициналық препараттар, полимерлер алуға қолданылады.
