Аңырақай – Жамбыл облысы Шу ауданы жеріндегі тау сілемі. Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі тарихи жер аты. Абсолюттік биіктігі 1295 м. Ұзындығы 75 км, ені 5 км.
| Аңырақай тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | Архей |
| Ұзындығы | 75 км |
| Ені | 5 км |
| Биіктігі | 1295 м |
| Орналасуы | |
| Елдер |
|
Геологиялық құрылымы
Архей гнейстері мен кристалды тақтатастардан түзілген.
Жер бедері
Беткейлерінің оңтүстік-батысы жазық, солтүстік-шығысы құлама жар, қорым тасты, шыңды келеді.
Өсімдігі
Қиыршықтас араласқан қоңыр топырағында жусан, бетеге, селеу, қараған, тобылғы, ал тау аңғарларында бұта аралас қау өседі.