| Аудан | |
| Базарқорған ауданы | |
| Базар-Коргон району | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Кіреді | |
| Әкімшілік орталығы | Базарқорған |
| Әкім | Талантбек Эдилов |
| Тарихы мен географиясы | |
| Уақыт белдеуі | UTC+6 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 142 951 адам (2009) |
| Ұлттық құрамы | қырғыздар — 55,6 %, |
| Ресми тілі | |
| Автомобиль коды | D және 04 |
|
| |
Базарқорған ауданы (қыр. Базар-Коргон району) — Қырғызстанның Жалалабат облысындағы аудан.
Әкімшілік орталығы — Базарқорған ауылы.
Географиясы
Аудан облыс орталығы Жалалабаттан солтүстік-батысқа қарай, теңіз деңгейінен 1200 м биіктікте, Ферғана жазығының солтүстік шетінде орналасқан. Өзбекстанның Әндіжан облысымен шектесіп жатыр.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 142 951 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 79 442 адамды құрайды (немесе 55,6 %), өзбектер — 61 777 адам немесе 43,2 %, ұйғырлар — 713 адам немесе 0,5 %, түріктер — 344 адам немесе 0,2 %, орыстар — 402 адам немесе 0,2 %.
- Әкімшілік бөлінуі
Базар-Қорған ауданы құрамына 9 айылдық (ауылдық) округ кіреді:
- Ақман айылдық округі — Жаны-Ақман а.
- Базар-Қорған айылдық округі — Базар-Қорған
- Бешік-Жон айылдық округі — Бешік-Жон
- Арыстанбап айылдық округі — Арыстанбап а.
- Қызыл-Үнкүр айылдық округі — Қызыл-Үнкүр а.
- Моғол айылдық округі — Ооғон-Талаа
- Сайдықұм айылдық округі — Сайдықұм а.
- Талды-Бұлақ айылдық округі — Қаба а.
- Кенеш айылдық округі — Кенеш а.
- Базарқорған ауданы
