Жалалабат облысы (қыр. Жалал-Абад облусу) — Қырғызстанның оңтүстік-батысында орналасқан облыс. Орталығы — Жалалабат қаласы.
| Жалалабат облысы | |||||
| Жалал-Абад облусу | |||||
| |||||
| Әкімшілігі | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Әкімшілік орталығы | Манас | ||||
| Губернатор | Тилек Текебаев | ||||
| Тарихы мен географиясы | |||||
| Координаттары | 41°15′ с. е. 72°15′ ш. б. / 41.250° с. е. 72.250° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 41°15′ с. е. 72°15′ ш. б. / 41.250° с. е. 72.250° ш. б. (G) (O) (Я) | ||||
| Құрылған уақыты | 21.11.1939 | ||||
| Жер аумағы | 33 700 км² | ||||
| Тұрғындары | |||||
| Тұрғыны | 962 200 адам (2005) | ||||
| Тығыздығы | 28,6 адам/км² | ||||
| Ресми тілдері | |||||
| Сандық идентификаторлары | |||||
| ISO 3166-2 коды | KG-J | ||||
| Автомобиль коды | D | ||||
|
| |||||
| Координаттар: 41°15′ с. е. 72°15′ ш. б. / 41.250° с. е. 72.250° ш. б. (G) (O) (Я) | |||||
Халық саны — 1 миллионға жуық адам. Ош және Баткен облыстарымен бірге Оңтүстік Қырғызстан деп аталады — бұл басқа өлкелермен салыстырғанда таулы-тасты жер, ауыл шаруашылығы кең таралса, өнеркәсіп нашар дамыған. Ош, Талас, Шу, Нарын облыстарымен және Өзбекстанмен шектеседі.
Халқының көпшілігі — қырғыздар, одан кейін халық саны бойынша өзбектер көп, орыстар мен орыс тілінде сөйлейтіндердің саны басқа облыстарға қарағанда азырақ. 1999 жылғы деректер бойынша, қырғыздар халықтың 69,9 %-ын құрап — 606 мың адам, өзбектер 24,4 % — 212 мың адам, орыстар 2,1 % — 18 мың адам, татарлар 0,8 % — 7 мың адам болды. Басқа ұлт өкілдері — 25 мың адам, негізгі бөлігі — тәжіктер, түріктер және күрттер. Қырғызстандағы қазақтардың 2,5%-ы Жалалабат облысында тұрады.
Әкімшілік бөлінісі
Жалалабат облысы 8 ауданға бөлінеді:
- Ақсы ауданы (орталығы — Кербен)
- Алабұқа ауданы (орталығы — Алабұқа)
- Базарқорған ауданы (орталығы — Базарқорған)
- Наукен ауданы (орталығы — Масы)
- Созақ ауданы (орталығы — Созақ)
- Тоғызтарау ауданы (орталығы — Қазарман)
- Тоқтағұл ауданы (орталығы — Тоқтағұл)
- Шатқал ауданы (орталығы — Қанышқия)
