Балпық би — Жетісу облысы Көксу ауданындағы ауыл, аудан және Балпық ауылдық округі орталығы.
| Ауыл | |
| Балпық би | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | аудан орталығы |
| Облысы | Жетісу |
| Ауданы | Көксу |
| Ауылдық округі | Балпық |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 44°54′02″ с. е. 78°13′42″ ш. б. / 44.90056° с. е. 78.22833° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 44°54′02″ с. е. 78°13′42″ ш. б. / 44.90056° с. е. 78.22833° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1831 |
| Бұрынғы атаулары | Дүнгене, Кировск |
| Ауыл статусы | 2013 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 17 128 адам (2023) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 19 |
Балпық би шекарасы | |
Географиялық орны
Облыс орталығы – Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа карай 17 км-дей жерде, Көксу (Тентек) өзенінің сол жағалауында орналасқан. Жетісу (Жоңғар) Алатауының батысындағы қоңыржай агро-климатгық белдемде жатыр. Жері қоңыр топырақты, шалтын, боз, селеу, бетеге, т.б. шөптер өседі.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 12145 | ▲12654 | ▲16781 | 132,6 | 6070 | ▲8190 | 134,9 | 6584 | ▲8591 | 130,5 |
Тарихы
Негізі 1831 жылы Орта Азия мен Сібірді байланыстыратын сауда жолындағы ежелгі Дүнгене және Меті елді мекендері орнында каланған. 1942 жылға дейін Дүнгене ауылы, 1993 жылға дейін Кировск кенті аталып келген.
Инфрақұрылымы
Қант зауыты, құрылыс және келік ұйымдары мен мекемелері, 4 орта, 1 орталау мектеп, мәдениет үйі, 2 кітапхана, аудандық аурухана, емхана, т.б. денсаулық сақтау және мәдени мекемелер бар. Ауыл арқылы мемлекеттік маңызы бар Алматы-Өскемен автомобиль жолы өтеді.


