| Барух Самуэль Бламберг | |
| ағылш. Baruch Samuel Blumberg | |
| |
| Туған күні | 28 шілде 1925 |
|---|---|
| Туған жері | Бруклин, Нью-Йорк, АҚШ |
| Қайтыс болған күні | 5 сәуір 2011 (85 жас) |
| Қайтыс болған жері | Калифорния, АҚШ |
| Азаматтығы | Үлгі:Байрақ/United States |
| Ғылыми аясы | Вирусология |
| Марапаттары |
|
Барух Самуэль Бламберг (ағылш. Baruch Samuel Blumberg; 28 шілде 1925 жыл, Нью-Йорк — 5 сәуір 2011 жыл, Калифорния) — американдық дәрігер және ғалым, 1976 жылғы Карлтон Гайдушекпен бірге Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегері.
Өмірбаяны
Бламберг Бруклинде, қорғаушыы Меер Блумберг пен Ида Симоновтың — Ресейден қоныс аударған еврей эмигранттарының отбасында дүниеге келген. Флэтбуште оқыған, яһудилік діни мәтіндерін оқи білген, ежелгі еврей тілінде оқып-жазуды үйренген. Осы мектепте сондай-ақ, басқа Нобель сыйлығының иегері Эрик Кандел оқыған.
1940 жылдардың басында білімін Фар-Рокуэй мектебінде жалғастырды, бұнда Бертон Рихтер және Ричард Фейнман сияқты атақты ғалымдар оқыған. Мектептен соң — АҚШ флотының қатарында, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Ол 1945 жылы Шененктадидегі (Нью-Йорк) Юнион колледжін үздік дипломмен бітірді.
Колумбия университетіне түсіп, Колумбия дәрігер-хирургиялық колледжінде оқып, 1951 жылы магистр дәрежесін алды. Келесі төрт жылда ол негізінен интернатурада, содан кейін Columbia Presbyterian Medical Center-де тағылымдамадан өтті. Содан кейін биохимиямен айналысып, Баллиол-колледжде, Оксфордте оқуын жалғастырды. 1957 жылы докторлық диссертацияны қорғады.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша ғалымдар
- 28 шілдеде туғандар
- 1925 жылы туғандар
- 5 сәуірде қайтыс болғандар
- 2011 жылы қайтыс болғандар
- Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері
- АҚШ вирусологтары
- Нобель сыйлығының иегерлері (АҚШ)
- АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшелері
- Оксфорд университеті түлектері
- Юнион-колледж түлектері
