Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

2 маусымда 2002 жылы ашылған, алайда бірінші мақаласы тек 16 сәуір 2005 жылы пайда болады. Бір жылдан кейін 100-ші мақала жазылады. Содан бері бұл бөлім жақсы д

Башқұртша Уикипедия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Башқұртша Уикипедия
Башҡорт Википедияһы
URL

ba.wikipedia.org

Коммерциялық

Жоқ

Сайттың түрі

Желілік энциклопедия

Тіркелу

Міндетті емес

Тілі

башқұртша

Иемденуші

Уикимедиа қоры

Ашылған уақыты

16 сәуір 2005

Мақалалар саны

64 288

Беттер саны

185 103

Өңдеулер саны

1 298 832

Тіркелген қатысушылар
саны

47 758

Белсенді қатысушылар
саны

70

Администраторлар саны

6

Тереңдігі

24.8

Мақала саны бойынша орны

97

Башқұртша Уикипедия (башқ. Башҡорт Википедияһы) — Уикипедияның башқұрт тіліндегі бөлімі.

2 маусымда 2002 жылы ашылған, алайда бірінші мақаласы тек 16 сәуір 2005 жылы пайда болады. Бір жылдан кейін 100-ші мақала жазылады. Содан бері бұл бөлім жақсы даму үстінде.

1000-шы мақала 2010 жылы 7 желтоқсанда жазылады. Соған байланысты «Шоңқар» журналында Уикипедияға байланысты мақала шықты.

Статистикасы

  • 25 қаңтар 2008 жылы — 250 мақала
  • 2 желтоқсан 2009 жылы — 500 мақала
  • 7 желтоқсан 2010 жылы — 1 000 мақала
  • 31 тамыз 2011 жылы — 2 000 мақала
  • 1 қыркүйек 2011 жылы — 3 000 мақала
  • 10 қыркүйек 2011 жылы — 5 000 мақала
  • 20 қаңтар 2012 жылы — 10 000 және 15 000 мақала
  • 31 қазан 2012 - 20 000 мақала
  • 20 желтоқсан 2012 - 25 000 мақала

2012 жылы 1 қаңтарда мақалалар саны 6102 болған, 19 мен 21 қаңтар аралығында боттардың арқасында тағы 9300 мақаламен толығады. 20 қаңтарда Башқұртша Уикипедияның мақалалар саны 10000-нан 15000-ге көтеріледі..

  • 13 ақпан 2013 - 30 000 мақала
  • 21 тамыз 2015 жылы - 35 000 мақала
  • 5 қазан 2017 жылы - 40 000 мақала
  • 31 қазан 2018 жылы — 45 000 мақала
  • 31 қазан 2019 жылы — 50 000 мақала
  • 25 мамыр 2022 жылы — 60 000 мақала

Санақ

2026 жылдың маусымның 20 күніне сәйкес Башқұртша Уикипедияда 64 288 мақала бар. 47 758 қатысушы тіркелген, олардың 70 соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал 6 қатысушы админ дәрежесіне ие. Жалпы өңдеу саны - 1 298 832.

Түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің мақала саны бойынша барлық түркі тілдес Уикипедия бөлімдерінің қосынды көрсеткішінен өзара үлесі суретте (төмендегі) көрсетілген.

Түркі тілдеріндегі Уикипедиялар статистикасы
Түрікше
 
25.1%
Қазақша
 
8.92%
Өзбекше
 
12.67%
Әзербайжанша
 
7.88%
Татарша
 
25.91%
Қырғызша
 
2.8%
Башқұртша
 
2.35%
Басқалары
 
14.37%

Сыртқы сілтеме


Жоғары