Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Абай облысы Абай, Аягөз аудандары жерімен шөлейт белдем арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып өтетін, Балқаш алабына жататын, Шыңғыстың мол сулы өзендерінің

Бақанас өзені

  • Басты бет
  • Бақанас өзені
 Басқа мағыналар үшін Бақанас деген бетті қараңыз.

Бақанас – Балқаш алабындағы өзен.

Бақанас өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 240 км
Су алабының
ауданы
25 мың км²
Су алабы Балқаш алабы
Су ағысы
Бастауы Шыңғыстау
 • Координаттары 48°34′57″ с. е. 79°13′36″ ш. б. / 48.58250° с. е. 79.22667° ш. б. / 48.58250; 79.22667 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Аягөз өзеніне жетпей тартылып қалады.
 • Координаттары 47°03′52″ с. е. 79°14′13″ ш. б. / 47.06444° с. е. 79.23694° ш. б. / 47.06444; 79.23694 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°03′52″ с. е. 79°14′13″ ш. б. / 47.06444° с. е. 79.23694° ш. б. / 47.06444; 79.23694 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Абай облысы Абай, Аягөз аудандары

Мазмұны

Географиялық орны

Абай облысы Абай, Аягөз аудандары жерімен шөлейт белдем арқылы солтүстіктен оңтүстікке қарай ағып өтетін, Балқаш алабына жататын, Шыңғыстың мол сулы өзендерінің бірі. Ұзындығы 240 км, су жиналатын алабы 25 мың км2.

Бастауы

Шыңғыстау тауының оңтүстік беткейіндегі Ақбайтал асуынан бастау алып, Аягөз өзеніне жетпей бітеді.

Гидрологиясы

Дағанделі, Әлпейіс, Төлен, Қызылөзен, Жәнібек, Балқыбек, Көксала салалары бар. Ағысы көктемгі еріген қар суымен және жер асты суымен толығады. Шұбартау ауылы тұсындағы орташа жылдық су ағыны 3,27 м3/с. Судың тасуы наурыздың аяғы мен сәуірдің басында басталады да мамыр мен маусымда аяқталады. Өзен аңғары тоғайлы, шалғынды, мал жайылымына пайдаланылады.

Гидронимі

Бақанас гидронимін көптеген ғалымдар бақан және ас тұлғаларына бөледі де, бақан сияқты басы екіге айырылған өзен деп табады. Шындығында бұл атау монғолдың баға(н) «аз», «шағын», «шолақ» сөзі мен ус «су» түбірінің бірігуінен жасалған. Қазақстанның бірнеше жерінде кездесетін мұндай атау шыққан жері мен құятын жері алыс емес, қысқа өзендерге беріледі.

Бақанас өзені - Мұхтар Әуезұлының «Абай жолы» роман-эпопеясында бірінші кітабының, "Шытырманда" бөлімінде Тобықтының ең үлкен өзені деп аталынған. Шыңғыс сыртындағы мол жайлауындың ең арғы шетінің бірі-Байқошқар болса, екіншісі осы - Бақанас. Бірақ Құнанбай ауылдары бұрын Байқошқарды қоныс етіп, Бақанас өзені Көкшеге тиісті болған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Тыныс алу

  • Сәуір 06, 2026

    Президенттік республика

  • Наурыз 22, 2026

    Мейоз

  • Сәуір 08, 2026

    Оңтүстік Кавказ

  • Сәуір 05, 2026

    Германия жерлері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары