| Бақытжан Қаратаев | |
Bakhytzhan Karatayev | |
| Туған күні | 1860 жыл |
|---|---|
| Туған жері | Орал облысы, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы |
| Қайтыс болған күні | 26 тамыз 1934 жыл |
| Қайтыс болған жері | |
| Мамандығы | заңгер |
| Әкесі | Бейсәліұлы |
| Жұбайы | Әбуханиф Күнтөреқызы Сейдалина, |
| Балалары | Ғаббас Бақытжанұлы, Шәміл Бақытжанұлы, Мұрат Бақытжанұлы, София Бақытжанқызы, Зейнеп Бақытжанқызы |
Бақытжан Бейсәліұлы Қаратаев (1860, Қаратөбе ауданы, Ақбақай ауылы — 26 тамыз 1934, Ақтөбе қаласы) — қоғам қайраткері, заңгер, ағартушы-демократ. Қазақтардың арасындағы саяси және ұйымдастырушылық жұмыстарға белсенді араласты. 1919 жылы мамыр және шілде айларында қазақ атты бригадасы саяси бөлімінің меңгерушісі, 1921-1924 жылдары Ақтөбе губерниялық алқаның төрағасы болып тағайындалды. Одан кейінгі жылдары Қазақ КСР Мемлекеттік мұрағатына жұмыс істеді. 1926 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін Ақтөбе қалалық партия комитетінің шешімімен партия қатарынан шығарылды. Қазақ АКСР Кеңестерінің 1-2 съездерінің делегаты болды.
- Орынбор гимназиясын бітіргеннен кейін Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түседі.
- 1890 ж. оны 2-дәрежелі алтын медальмен үздік бітіреді.
- Петербургта, Кутаисида, Орынборда тергеуші болып істейді. 1897 жылдан Оралда, Қаратөбеде, Жымпитыда адвокат болды.
- 1907 ж. 2-Мемлекеттік Думаға кадеттер тобынан Орал облысынан депутат болып қатысып, жер-су мәселесі бойынша қазақ халқының мүддесін қорғап сөз сөйлеген.
- Ол өзін большевиктер партиясының қатарындамын деп есептеді.
- 1907-16 жылдары ағартушылық жұмыстармен айналысып, «Қазақстан» газетін, «Айқап» журналын шығаруға көмектеседі.
- 1918 ж. Орал облыстық атқару комитетінің мүшелігіне сайланды.
- 1918 ж. наурызда «әскери үкімет» бүлік ұйымдастырып, облыстық кеңес мүшелерін, (ішінде Қ. та бар) тұтқынға алды.
- 1919 жылы 24 қаңтарда Чапаев дивизиясы босатып, кейін ол Орал облысы ревкомның қүрамында ұлттар коллегиясын басқарды.
- 1919 ж. 24 шілдеде Қазәсревкомның мүшелігіне тағайыңдалды.
- 1920 ж. 4-12 қазанда Орынборда өткен Кеңестердің Бүкілқазақстандық 1-съезіне делегат болды. Мұнда қабылдаған Қазақ АКСР-і еңбекшілерінің құқығы туралы декларацияның жобасын дайындауға қатысқан.
- Қазақ АКСР-інің заң комиссары болды. Кеңестердің 2-Бүкілқазақстандық съезіне де делегат болып қатысты.
- 1927 жылы діни көзқарастары үшін большевиктер партиясының қатарынан шығарылған. Өмірінің соңына дейін ғылыми - зертханалық жұмыстармен шұғылданған.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 1860 жылы туғандар
- Қаратөбе ауданында туғандар
- 26 тамызда қайтыс болғандар
- 1934 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан қоғам қайраткерлері
- Қазақстан заңгерлері
- Қазақстан әділет министрлері
- Ресей Мемлекеттік Думасының депутаттары
- Төрелер
