
«Қазақстан» газеті - 1911 жылғы 10 наурыздан 1913 жылғы шілдеге дейін Орда қаласында, 1913 жылғы 15 қарашадан жыл аяғына дейін Оралда шығып тұрған. Мақалалар қазақ, орыс, татар тілінде жарияланған. Газет демократиялық бағыт ұстанды.
“Қазақстан” 1913 жылы “Құрмет иесі оқушыларымызға” деген мақаласында (№1, 27 қаңтар) көрсетілгендей, қаржы мұқтаждығынан, 18 саны шыққаннан кейін жабылған. “Айқап” журналымен пікірталасқа барғанымен, түп мақсаттарының бір екенін түсіне білген.
Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Редакторы - Елеусін Бұйрин. Газет білім, мәдениет, отырықшылық мәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е.Бұйрин, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б.-лардың мақалалары жарияланған. Бұл газет те ұлттың оянуына, саяси қозғалыстарға жіті қарауына себепші болды.
- Қазақстан газеттері
- Қазақ тілді газеттер
- Орыс тілді газеттер
- Алаш қозғалысы
- Татар тілді газеттер
- 1911 жылы шыққан газеттер