Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Нұржекеұлы Бексұлтан (22.2.1941 жылы т., Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы.

Бексұлтан Нұржекеұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұржекеұлы Бексұлтан (22.2.1941 жылы т., Жетісу облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы.

Өмірбаяны

Суан руынан шыққан.

  • ҚазМУ-ды бітірген (1965).
  • 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты.
  • Жалын” журналының бөлім меңгерушісі
  • Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі
  • “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986)
  • Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған.
  • 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры.

Шығармашылығы

  • “Жау жағадан алғанда” (1993) романына өмірде болған адамдардың (К.Қожагелдиев, Ж.Ауғанбаев, М.Қожамияров, Ю.Қадыров) бастан кешкен оқиғалары арқау етілген, ұжымдастыру мен ашаршылық секілді халық басынан өткен нәубет жайы шынайы көрсетілген.
  • “Ойұшқын” (2002) жинағына Әсет, Сара, Төребай секілді әнші-ақындар, Қабанбай, Бөгенбай, Ағынтай батырлар жайлы эсселері топтастырылған.
  • “Өнер құдіреті” еңбегінде (2003) К.Байсейітова, Ж.Омарова, М.Төлебаев, Д.Рақышев, т.б. талант иелері туралы танымдық мақалалары жинақталып берілген.
  • Күй толғақ, А., 1972
  • Күтумен өткен ғұмыр, А., 1974
  • В ожидании, А., 1985
  • Бір өкініш, бір үміт, А., 1985
  • Шығ. жин. 2 т., А., 1993
  • Бейтаныс әйелдің құпиясы, А., 2002.

Марапаттары

  • “Құрмет” ордені (2000)
  • бірнеше медальдармен марапатталған.
Жоғары