| Белағаш қорықшасы | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Ауданы | 1,500 га |
| Орналасуы | |
| 50°10′35″ с. е. 74°34′07″ ш. б. / 50.17625225° с. е. 74.56849596° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°10′35″ с. е. 74°34′07″ ш. б. / 50.17625225° с. е. 74.56849596° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Қарағанды облысы |
| Аудан | Бұқар жырау ауданы |
Белағаш қорықшасы – мемлекеттік табиғи қорықша. Жалпы ауданы 1,500 га.
Географиялық орны
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы жерінде орналасқан.
Флорасы
Қорықша аумағындағы Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдік түрлері: қарқаралы бөріқарақаты, қызыл қайың, жіңішке көкнәр, көктемдік жанаргүл, кәдімгі қарғакөз, ашық құндызшөп, жапырақсыз орашық, жатаған қызғалдақ, қылтан селеу. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктер өседі.
Фаунасы
Қорықшада мекен ететін қара дегелек, сұр тырна, ақбас тырна, бақалтақ қыран, дала қыраны, қарақұс, бүркіт, жыланшы бүркіт, қылқұйрық бұлдырық, үкі, қазақстан архары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау жөніндегі Халықаралық одақтың тізіміне енгізілген жануарлар түрлері де кездеседі.
- Алфавит бойынша қорғалатын табиғи аумақтар
- Қазақстан қаумалдары
- Қарағанды облысы географиясы
