Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Тұмар бояу (Limonium gmelinii) — томарбояу тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 30-80 см. Түбірі жуан, қатты тінді. Жапырағы томар саба

Тұмар Бояу

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Тұмар (айрық) деген бетті қараңыз.

Тұмар бояу (Limonium gmelinii) — томарбояу тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік түрі. Биіктігі 30-80 см. Түбірі жуан, қатты тінді. Жапырағы томар сабақтан өседі. Көптеген жасыл, ақшыл жасыл, ұзыншақ жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 15-40 см, ені 5-10 см жапырақ ұшы дөңгеленген. Гүлі ұсақ масақша, қызғылт, қоңыр не сары, тостағаншасы ұзындығы 4-4,5 мм. Жемісі ұзынша жұмыртқа тәрізді қарақошқыл қоңыр. Шілде-қыркүйекте гүлдеп, тамыз-қыркүйекте дән салады. Оңтүстік Қазақстанның сор топырақты, сортаң жерлеріндегі такырларда өседі. Тамырының құрамында таниды бар. Тамырынан алынған сары, қызғылт жасыл және қара бояулар былғары, тері бояуға және кілем тоқитын жіптерді бояуға пайдаланады.

Сурет галереясы

Жоғары