| Бесбақан тауы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | палеозой |
| Биіктігі | 4622 м |
| Орналасуы | |
| 45°02′52″ с. е. 80°15′41″ ш. б. / 45.04778° с. е. 80.26139° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 45°02′52″ с. е. 80°15′41″ ш. б. / 45.04778° с. е. 80.26139° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Бесбақан тауы – Жетісу Алатауының оңтүстік сілеміндегі Сарқан жотасындағы тау. Кіші Басқан асуының оңтүстік-батысында орналасқан.
Географиялық орны
Жетісу облысы Ақсу ауданы жерінде.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 4622 м. Жетісу Алатауының ең биік жері. Таудың биік белдеулерін мұздықтар басып жатыр. Мұздықтардың көпшілігі дерлік таудың солтүстік беткейлерінде. Осы беткейден Кіші Басқан өзені бастау алады.
Геологиялық құрылымы, өсімдігі
Жер қыртысы төменгі палеозойдың кристалды тақтатас, кварцит, гнейс, әктас, мәрмәр жыныстарынан түзілген. Таудың жоғарғы бөлігінде палеозой граниттері кездеседі. Солтүстік белдеуінде субальпілік шалғындар және Тянь-Шань шыршасы мен самырсын ағаштары өседі.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Ақсу ауданы таулары
- Жетісу Алатауы

