Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ақсу ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Жансүгіров ауылы.

Ақсу ауданы

  • Басты бет
  • Ақсу ауданы

Ақсу ауданы — Жетісу облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан орталығы – Жансүгіров ауылы.

Қазақстан ауданы
Ақсу ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Жетісу облысы

Аудан орталығы

Жансүгіров

Ауылдық округтер саны

17

Ауыл саны

49

Әкімі

Берік Тынышбайұлы Тынышбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жансүгіров ауылы, Желтоқсан көшесі, №5д

Тарихы мен географиясы
Координаттары

45°23′19″ с. е. 79°30′08″ ш. б. / 45.38861° с. е. 79.50222° ш. б. / 45.38861; 79.50222 (G) (O) (Я)Координаттар: 45°23′19″ с. е. 79°30′08″ ш. б. / 45.38861° с. е. 79.50222° ш. б. / 45.38861; 79.50222 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Жер аумағы

12,6 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

37 294 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (95,95%), орыстар (2,86%), татарлар (0,42%), шешендер (0,17%), ұйғырлар (0,12%), немістер (0,1%), басқалары (0,38%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040100-040124

Автомобиль коды

19

Ақсу ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Ақсу ауданы

Мазмұны

Географиялық орны, жер бедері мен су жүйесі

Ақсу ауданы Балқаш–Алакөл ойысы мен Жетісу Алатауы аралығын алып жатыр. Солтүстігінде Сарқан ауданымен, шығысында Алакөл ауданымен, батысында Қаратал ауданымен, оңтүстігінде Ескелді ауданымен және Қытай аумағымен шектеседі. Жерінің оңтүстік-шығысын Жетісу Алатауының Қоңыртау, Қайрақкөл, Желдіқарағай, Ешкіөлмес таулары, солтүстік, солтүстік-шығыс және батыс бөлігінде Тораңғықұм, Кемерқұм, Сымбатқұм, Күшікжал және Жалқұм құмды алқаптары алып жатыр. Ақсу өзенінің салалары мен тармақтары ауданның біршама жерін кесіп өтеді. Ірі өзендері: Бүйен, Бұрхан, Сарқан, Қарасу, Қапал, Қызылағаш.

Климаты

Климаты қатаң континенттік. Қысы суық. Қаңтар айының орташа температурасы –10 – 15°С, шілдеде 20 – 23°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері жазық жерлерде 150 – 250 мм, таулы аймақтарда 400 – 600 мм. Топырағының басым бөлігі шөлейттік сұр топырақ. Тау етектері мен тау аңғарларында қоңыр топырақ қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен жайылмаларда шалғынды-далалы топырақ басым. Құмды алқаптарда сор, сортаң кездеседі.

Өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Даласында жусан, ебелек, изен, қияқ, т.б. өсімдіктер өседі. Аудан аумағында «Лепсі» қорықшасы (33,0 мың га) орналасқан. Аңдардан қасқыр, түлкі, қоян, борсық, қабан, ондатр; құстардан үйрек, қаз, тырна, т.б. мекендейді. Кен байлықтарынан Ілдерсай барит кені, Арасан гранит және мәрмәр кен орындары бар. Ауданның ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерінің ауданы 1,17 млн. га, оның ішінде жыртылуға жарамды жері 56,6 мың га, жайылымы 1,03 млн. га, шабындығы 55,2 мың га (2006). Ақсу ауданы аумағында Матай, Молалы, Алажиде темір жол стансалары орналасқан. Аудан жері арқылы Алматы – Өскемен мемлекеттік маңызы бар автомобиль жолы өтеді.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 27697 ▼23539 ▲63367 ▼35687 ▲36690 ▲45004 ▼38839 ▼37473

Тұрғындар саны – 39675 (2019).

  • ұлттық құрамы – қазақтар (95,74%), орыстар (3,05%), немістер (0,11%), шешендер (0,16%), татарлар (0,43%), ұйғырлар (0,13%), басқалары (0,41%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 49 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Ақсу ауылдық округі 2302 ▼1959 85,1 1230 ▼1019 82,8 1072 ▼940 87,7
Арасан ауылдық округі 1963 ▼1439 73,3 981 ▼740 75,4 982 ▼699 71,2
Барлыбек Сырттанов ауылдық округі 1576 ▼1403 89 789 ▼693 87,8 787 ▼710 90,2
Егінсу ауылдық округі 598 ▲611 102,2 318 ▼303 95,3 280 ▲308 110
Есеболат ауылдық округі 1793 ▼1543 86,1 912 ▼789 86,5 881 ▼754 85,6
Жансүгіров ауылдық округі 9774 ▲11421 116,9 4739 ▲5739 121,1 5035 ▲5682 112,9
Жаңалық ауылдық округі 900 ▼744 82,7 462 ▼383 82,9 438 ▼361 82,4
Көшкентал ауылдық округі 1096 ▲1125 102,6 567 ▲571 100,7 529 ▲554 104,7
Қапал ауылдық округі 3869 ▼3727 96,3 1938 ▼1880 97 1931 ▼1847 95,6
Қаракөз ауылдық округі 939 ▲951 101,3 473 ▲485 102,5 466 466 100
Қарасу ауылдық округі 1316 ▲1377 104,6 685 ▲712 103,9 631 ▲665 105,4
Қарашілік ауылдық округі 2147 ▼1964 91,5 1095 ▼1052 96,1 1052 ▼912 86,7
Қызылағаш ауылдық округі 2699 ▲2991 110,8 1386 ▲1544 111,4 1313 ▲1447 110,2
Матай ауылдық округі 4347 ▼3330 76,6 2166 ▼1685 77,8 2181 ▼1645 75,4
Молалы ауылдық округі 659 ▼518 78,6 345 ▼264 76,5 314 ▼254 80,9
Ойтоған ауылдық округі 915 ▲961 105 487 ▲498 102,3 428 ▲463 108,2
Суықсай ауылдық округі 1946 ▼1409 72,4 1031 ▼739 71,7 915 ▼670 73,2
ЖАЛПЫ САНЫ 38839 ▼37473 96,5 19604 ▼19096 97,4 19235 ▼18377 95,5
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жамбыл (тау)

  • Сәуір 04, 2026

    Электрондық микроскоп

  • Сәуір 03, 2026

    Торғай облысы

  • Сәуір 03, 2026

    Жаңақала ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Бань Гу

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары