Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімд

Бинарлық номенклатура

  • Басты бет
  • Бинарлық номенклатура

Бинарлық номенклатура, биноминалдық номенклатура (лат. bіnarіus — екі немесе қосарлы атау, лат. nomenklatura — тізім, түр) — халықаралық ғылыми жіктелімде өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің туыстары мен түрлерін екі латын сөзімен атау.

A.
Бинарлық номенклатура терминін алғаш енгізген ғалым Карл Линней

Біріншісі туысты білдіреді, бас әріппен жазылады. Ал екіншісі түрдің аталуын көрсетеді, кіші әріппен белгіленеді. Мысалы: ақ жусан (Artemіsіa tercheana L.), Алтай ұлары (Tetraogallus altaіcus G.). Түрдің артынан түрді анықтаған адамның аты беріледі. Кейбір жағдайда бинарлық номенклатура соңында анықталған жыл көрсетіледі [мысалы, саналы адам (Homо sapіens L. 1758)].

Бинарлық номенклатура терминін 1620 ж. ғылымға алғаш швейцариялық ғалым К. Баугин енгізген, оны 1735 ж. швед табиғат зерттеушісі К. Линней ғылыми жүйелеудің негізіне алған. Ол “Табиғат жүйелері” (1735) деген еңбегінде бинарлық номенклатураны пайдаланып, түр ұғымын нақтылау үшін морфологиялық және физиологиялық белгілерді негізге алып, жүйелік категориялар (класс, туыс, түр) арасын жіктеп берді.

Бинарлы номенклатура ережелері

Бинарлы номенклатура әр ағза үшін бірегей болып табылады.

  • 1. Ағзалардың ғылыми атауын жазғанда курсивпен жазады
  • 2. Қолжазбада түрдің атауының астын сызады
  • 3. Туыстың атауы бас әріппен жазылады
  • 4. Түрдің атауы тек кіші әріптен бастап жазылады
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Балалар туризмі

  • Сәуір 05, 2026

    Экзотермикалық реакция

  • Сәуір 04, 2026

    Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы

  • Наурыз 13, 2026

    Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

  • Сәуір 02, 2026

    5 желтоқсан

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары