Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ботай қоныс-мекені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Ботай (қоныс)

  • Басты бет
  • Ботай (қоныс)

Ботай қоныс-мекені – Солтүстік Қазақстан облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген археология ескерткіші.

Ботай қонысы

Мазмұны

Орналасқан жері

Айыртау ауданы, Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км, Иманбұрлық өзенінің (Есіл өзенінің оң жақ саласы) оң жақ құлама жағасындағы тегістелген еңіс алаңқайда орналасқан.

Кезеңі

Энеолит дәуірі (б.з.б. 4-3 мың.).

Тарихи деректер, сипаты

Археологиялық ескерткіш 1980 жылы ашылған және археолог В. Зайберттің басшылығымен зерттелген. Қоныстың жалпы алаңы 15 га құрайды. Қоныста 60000 мыңнан астам сүйек пен тастан жасалған бұйымдар, тас балталар мен пышақтар, жебе мен найзалардың ұштары, сүйектен жасалған инелер, балшық ыдыстарының фрагменттері және т.б. табылған. Зерттеу барысында ғалымдар ботайлықтардың тұрғын үйлерін салу процесін қайта құрды.

Қабырғаларының ені 80-120 см, биіктігі 60-тан 100 см-ге дейін. Тұрғын үйлердің жанында арнайы шұңқырлар қазылған, олардан қабырғалар мен еденді сылауға балшық алған. Қабырға периметрлері бойынша бөрене шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік жасалған. Бөренелер арасындағы саңылауларды балшықпен сылап, үстін шым және жануарлар терісімен жапқан. Үй-жайдың ішкі биіктігі 250-320 см болды. Тұрғын үйдің ортасында еденде ошақ болған. Қазаншұңқырлардың қабырғаларында шаруашылық және діни қажеттіліктерге арналған көптеген тауашалар жасалған.

Мамандардың пікірінше, қазіргі уақытта Ботай таңда белгілі жылқыларды қолға үйретудің ең ерте орталығы болып табылады және мамандармен Еуразиялық жылқы өсірушілерінің ежелгі қонысының бірі ретінде бағаланады. Табылған артефактілер ботайлықтардың күнделікті өмірінде жылқы үй жануары ретінде болғанын көрсетеді. Қоныстың шаруашьшық аймағында қымызхана табылды: алауы және қымыз сақтауға арналған шұңқырлары бар қазаншұңқыр және қымызханаға жапсарласқан сауын биелері мен құлындарды ұстаған ағаш қоршаулардың іздері бар. Сондай-ақ, қоныста ет сақтауға арналған "шұңқыр-консервілер" табылды. Ботай қонысындағы археологиялық қазбалар жалғасуда.

Қоныс-мекен пайда болған кезде 200-300 баспана тұрғызылған. Бұл санды жер бетіндегі 109 қазаншұңқырлар мен қазу жұмыстары кезінде ашылған баспаналардың жалпы қатынасының жиынтығынан шығаруға болады. Осы графикалық жобалау жағдайы ескеріле отырып, ескерткіштің әртүрлі бөліктерінде - жағалық, оңтүстік, орталық және солтүстік – 1980-1982 жылдары аралығында 24 қазындымен барлығы 7528 м2 мәдени қабат ашылды. Бір қазаншұңқырдың орнына қалпына келтірілген баспана тұрғызылды.

Қоныс баспаналары, шаруашылық құрылыстар мен археологиялық материалдар қазындылар бойынша сарапталды, өйткені соңғылары ескерткіштің әр-түрлі жерлерінде орналасқан әрі өздерінің мәдени және хронологиялық сипаттамаларында өзіндік ерекшеліктері бар болатын.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 09, 2026

    Кіші Борсық

  • Сәуір 05, 2026

    Қазақ (айрық)

  • Сәуір 08, 2026

    Шапырашты Наурызбай

  • Наурыз 12, 2026

    Ыбырай Алтынсарин

  • Сәуір 14, 2026

    Барий сульфаты

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары