| Қызылқарағай жотасы | |
Қызылқарағай жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Ұзындығы | 120 км |
| Биіктігі | 2783 м |
| Орналасуы | |
| 49°28′28″ с. е. 86°14′32″ ш. б. / 49.47444° с. е. 86.24222° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°28′28″ с. е. 86°14′32″ ш. б. / 49.47444° с. е. 86.24222° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Қызылқарағай (орыс. Листвяга) – Алтай таулары жүйесінің оңтүстік-батыс бөлігіндегі жота.
Географиялық орны
Шығыс Қазақстан облысы Алтай, Қатонқарағай аудандары және Ресей Федерациясы шекарасында орналасқан.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 2783 м. Бұқпа, Көкжота, Теснинский Шпиль, т.б. биік таулардан тұрады. Бұқтырма және Қатон өзендерінің суайрығы. Солтүстік-батыстан шығысқа қарай 120 км-ге созылған. Шығысындағы таулы үстірт қатты тілімделген. Батысынан Шихалиха, Мансиха, Большая Речка, Бобровка, Лукина, Черновая, т.б. өзендер бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Эффузивтік жыныстардан, құмтастардан түзілген. Тау жоталарының биік белдеулерінде тектоникалық процестердің әсерінен пайда болған Черновское, Маралды, т.б. көлдер бар.
Өсімдігі
Беткейлерінде қарағай, қайың және самырсын орманы, 2000 м-ден жоғары субальпі және альпі шалғыны өседі.
- Алфавит бойынша тау жоталары
- Алтай ауданы таулары
- Ресей таулары
- Қазақстан жоталары
- Катонқарағай ауданы таулары

