Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Уильям Брэдли «Брэд» Питт (ағылш. William Bradley «Brad» Pitt; 18 желтоқсан 1963, Шауни, Оклахома) — америкалық актёр, продюсер, 1995 жылғы Алтын глобус сыйлығы

Брэд Питт

  • Басты бет
  • Брэд Питт

Уильям Брэдли «Брэд» Питт (ағылш. William Bradley «Brad» Pitt; 18 желтоқсан 1963, Шауни, Оклахома) — америкалық актёр, продюсер, 1995 жылғы Алтын глобус сыйлығының лауреаты.

Брэд Питт
Brad Pitt
Сурет
Питт, 2024 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Уильям Брэдли Питт

Туған күні

18 желтоқсан 1963 (1963-12-18)(62 жас)

Туған жері

Шауни, Оклахома, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр
продюсер

Белсенді жылдары

1987 жылдан бері

Марапаттары

Оскар (2014, 2020)
BAFTA (2014, 2020)
Алтын глобус (1996, 2019)
Эмми (2014)

IMDb

ID 0000093

Мазмұны

Өмірбаяны

Питт Шауни қаласында (Оклахома, АҚШ) дүниеге келген. Әкесі, Уильям Питт, жүк тасымалдаумен айналысатын компанияда менеджер болып жұмыс істеген, анасы — Джейн Этта Хиллхаус, жергілікті мектептің оқытушысы болған. Дуг Питт ағасы және Джулия Питт деген қарындасы бар. Мектеп қабырғасында Питт спортпен айналысқан, пікірталас клубына және музыкалық секцияларға қатысқан. Мектепті бітірген соң, ол Миссури-Колумбия университетіне түсіп, журналистика және жарнамалық істі оқыған. Алайда университетті тәмамдағаннан кейін Питт мамандығы бойынша жұмыс істемей , актерлік мансабын бастау үшін Голливудке аттанады. Осы жерде ол атын «Брэд Питт» деп өзгерткен.

Мансабы

Танымал актер болмай тұрып, Питт жүргізуші болып жиһаздарды тасымалдаған. Сонымен қатар ол актерлік курстарға қатысқан. Мансабы Даллас телехикаясындағы рөлімен басталған. Ол киноларда хикаяларда кішігірім рөлдерді сомдай бастайды. 1988 жылы ол өзінің алғашқы басты рөлін «Тёмная сторона Солнца» фильмінде сомдап шыққан.

1991 жылы ол сәтті болып шыққан «Тельма және Луиза» фильміне түседі. Осыдан кейін ол бірқатар жақсы шыққан рөлдерді сомдаған.

1995 жылы Empire журналы Питті кино тарихындағы 25 ең сексуалды жұлдыздар тізіміне енгізген.

1997 жылы Қытайдың Тибетке басып кіруін баяндайтын «Тибеттегі жеті жыл» фильмі шығады. Осыдан кейін Брэд Питтпен оның фильм бойынша әріптесі Дэвид Тьюлиске Қытай Халық Республикасына келуге тыйым салынған.

1999 жылы Питт өзінің ең танымал рөлдерінің бірі Чак Паланиктің романы бойынша түсірілген «Төбелес клубы» фильміндегі Дэвид Финчерді сомдаған. Бірақ коммерциялық жағынан сәтті шығып, оны әлемнің секс-символы ретінде танытқан «Троя» фильміндегі Ахиллестің рөлі болады. Содан кейінде ол көптеген фильмдерге түседі, соның ішінде өзінің қазіргі әйелі Анджелина Джолимен бірге түскен «Мистер и миссис Смит» (2005) шытырман комедиясы да бар.

2002 жылы Питт Дженнифер Энистонмен және Paramount Pictures голливуд киностудиясының басшысы Брэд Грэймен бірігіп Plan B Entertainment продюсерлік компаниясын құрады. 2005 жылы компания басты рөлді Джонни Депп сомдаған «Чарли мен шоколад фабрикасы» фильмнің продюсері болған. Сонымен қатар Питт жарнама роликтерінде де көріне бастаған. 2005 жылы Heineken жарнамасына, кейін американдық супермодель Татьяна Сороккомен бірге Хонда Акура жарнамасына түскен. SoftBank және Edwin Jeans үшін жапондық жарнамаға да түскен.

Жеке өмірі

1995 жылы «Жеті» триллерінің түсірілісі кезінде Брэд фильм бойынша оның әйелін ойнаған Гвинет Пэлтроумен жақындасып кетеді. Екеуінің бас қосатындығы жайлы айтылып жүрген кезде, олар кенеттен ара қатынастарын тоқтатады (1997). 2000 жылғы 29 шілдеде Питт Дженнифер Энистонмен үйленіп, 2005 жылы ажырасып кетеді. Көпшіліктің айтуына қарағанда ажырасудың себебі Дженнифердің балалы болғысы келмегендігінен дейді.

Ажырасу ісіне дейін Питт «Мистер және миссис Смит» фильмі бойынша әріптесі Анджелина Джолимен кездесіп жүрген. Екеуі ара қатынастары жайлы ресми түрде мәлімдеген. 2006 жылғы 27 мамырда Намибияда Питтың Шайло Нувель атты қызы, ал 2008 жылғы 12 шілдеде Францияда Нокс Леон және Вивьен Маршелин атты егіз баласы дүниеге келеді. Питт Анджелинаның барлық асыранды балаларын асырап алады. Қазір олардың алты баласы бар: ұлдары Мэддокс Шиван, Пакс Тьен мен Нокс Леон; қыздары Захара Марли, Шайло Нувель мен Вивьен Маршелин. Барлық балаларының тегі — Джоли-Питт.

Фильмографиясы

Питт фильмдерінің толық емес тізімі:

Жыл Түрі Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөлі
1987 ф Бейтарап жер No Man's Land даяшы / Waiter
ф Нөлден аз Less Than Zero Partygoer / Preppie Guy at Fight
с Өсу проблемалары Growing Pains Джефф / Jeff
с Даллас Dallas Рэнди / Randy
с Басқа әлем Another World Крис
1988 с Джамп-стрит, 21 21 Jump Street Питер / Peter
ф Күннің қараңғы жағы The Dark Side of the Sun Рик Клейтон / Rick
1989 ф Бірге бақытты Happy Together Брайан / Brian
ф Сыныпты қысқарту Cutting Class Дуайт Ингаллс / Dwight Ingalls
с Сыныптың президенті Head of the Class Чак / Chuck
с Freddy's Nightmares Рик Остин / Rick Austin
1990 тф The Image оператор / Steve Black
тф Өлуге тым жас? Too Young To Die? Билли Кэнтон / Billy Canton
с Даңқ күндері Glory Days Уокер Лавджой / Walker Lovejoy
1991 ф Across the Tracks Джо Мэлоуни / Joe Maloney
ф Джонни Замша Johnny Suede Джонни Замша / Johnny Suede
ф Тельма және Луиза Thelma & Louise Джей Ди / J.D.
1992 ф Contact Кокс / Cox
1990 с Tales from the Crypt, «King of the Road» Билли / Billy
1992 ф Cool World детектив Фрэнк Харрис (дауыс) / Detective Frank Harris
ф Өзен ағып жатқан жер A River Runs Through It Пол Маклин / Paul Maclean
1993 ф Калифорния Kalifornia Эрли Грейс / Early Grayce
ф Шынайы махаббат True Romance Флойд / Floyd
1994 ф Қызмет The Favor Эллиотт Фоулер / Elliott Fowler
ф Вампирмен сұхбат Interview with the Vampire: The Vampire Chronicles Луи де Пон дю Лак / Louis de Pointe du Lac
ф Күз аңыздары Legends of the Fall Тристан Ладлоу / Tristan Ludlow
1995 ф Жеті Seven (Se7en) детектив Дэвид Миллс / David Mills
ф 12 маймыл 12 Monkeys Джеффри Гоинс / Jeffrey Goines
1996 ф Ұйықтап жатқандар Sleepers Майкл Салливан / Michael Sullivan
1997 ф The Devil’s Own Фрэнсис «Фрэнки» Остин МакГайр / Рори Дивани / Francis Austin McQuire/Rory Devaney
ф Тибетте жеті жыл Seven Years in Tibet Генрих Харрер / Heinrich Harrer
1998 ф Танысыңыздар, Джо Блэк Meet Joe Black Джо Блэк / кофеханадағы адам / Joe Black / Man in the Coffee Shop
1999 ф Төбелес клубы Fight Club Тайлер Дёрден / Tyler Durden
ф Джон Малкович болу Being John Malkovich камео
2000 ф Snatch Микки О’Нил / Mickey O'Neil (the Pikey)
с Jackass камео
2001 ф Мексикандық The Mexican Джерри Уэлбах / Jerry Welbach
ф Тыңшы ойындар Spy Game Том Бишоп / Tom Bishop
ф Оушеннің он бір досы Ocean's Eleven Расти Райан / Расти Райен (англ.)русск.
с Достар Friends Уилл Колберт / Will Colbert
2002 ф Full Frontal камео
ф Confessions of a Dangerous Mind Брэд, бойдақ № 1 / Brad, Bachelor No.1
2003 мф Синдбад: жеті теңіздің аңызы Sinbad: Legend of the Seven Seas Синдбад / Sinbad
мс Тау патшасы King Of The Hill Patch Boomhauer
ф Эбби Сингер Эбби Сингер камео
2004 ф Трой Troy Ахилл / Achilles
ф Оушеннің он екі досы Ocean's Twelve Расти Райан / Rusty Ryan
2005 ф Мистер мен миссис Смит Mr. & Mrs. Smith Джон Смит / John Smith
2006 ф Вавилон Babel Ричард / Richard
2007 ф Оушеннің он үш досы Ocean's Thirteen Расти Райан / Rusty Ryan
ф Қорқақ Роберт Форд Джесси Джеймсті қалай өлтірді The Assassination of Jesse James by the Coward Robert Ford Джесси Джеймс / Jesse James
2008 ф Оқылғаннан кейін өртеу Burn After Reading Чед Фельдхаймер / Chad Feldheimer
ф The Curious Case of Benjamin Button Бенджамин Баттон  / Benjamin Button
2009 ф Атақсыз шаталар Inglourious Basterds лейтенант Альдо Рейн / Lt. Aldo Raine
2010 мф Мегами Megamind Мачомен / Metro Man
2011 ф Древо жизни The Tree of Life мистер О’Брайен / Mr. O'Brien
ф Барлығын өзгерткен адам Moneyball Билли Бин / Billy Beane
мф Көңілді аяқтар 2 Happy Feet Two криль Уилл / Will the Krill
кор Touch of Evil безумец
2012 ф Казино тонау Killing Them Softly Джек Коган / Jackie Cogan
2013 ф Z Дүниежүзілік соғысы World War Z Джерри Лейн / Gerry Lane
ф 12 жылдық құлдық 12 Years a Slave Басс / Bass
ф Кеңесші The Counselor Вестрэй / Westray
2014 ф Fury штаб-сержант Дон Колльер «Жауынгер Әке / Wardaddy
2015 ф By the Sea Роланд / Roland
2015 кор The Audition өзін-өзі сомдайды
ф The Big Short Бен Риккерт / Ben Rickert
2016 док Уақыт саяхаты Voyage of Time рассказчик / Narrator
ф Allied Макс Ватан / Max Vatan
2017 ф War Machine генерал Глен МакМан / General Glen McMahon
2018 ф Дэдпул 2 Deadpool 2 Телфорд Портер / көрінбейтін адам / Telford Porter / Vanisher
2019 ф Бір күні Голливудта Once Upon a Time in Hollywood Клифф Бут / Cliff Booth
ф Жұлдыздарға Ad Astra Рой МакБрайд / Roy McBride
2022 ф Жоғалған қала The Lost City Джек Трейнер
2022 ф Оқ пойыз Bullet Train Қанқыз
2022 ф Бабилон Babylon Джек Конрад
2024 ф Жоқ Дос IF Кит
2024 ф Қасқырлар Wolfs Пэм

Сілтемелер

Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Brad Pitt
  • Брэд Питт (ағыл.) Internet Movie Database сайтында
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 23, 2026

    Әл-Ахзаб сүресі

  • Сәуір 25, 2026

    Опера (музыка)

  • Сәуір 08, 2026

    Қалақ батыр

  • Сәуір 08, 2026

    Теректі ауданы

  • Сәуір 20, 2026

    Дін философиясы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары