| Брюс Ли | |
| Bruce Lee, 李振藩 | |
| |
| Туған кездегі есімі | Ли Сяолун |
|---|---|
| Туған күні | 27 қараша 1940 |
| Туған жері |
|
| Қайтыс болған күні | 20 шілде 1973 (32 жас) |
| Қайтыс болған жері |
|
| Әкесі | Ли Хойчэнь |
| Анасы | Грейс Хо |
| Жұбайы | Линда Эмери |
| Балалары | Брэндон Ли, Шеннон Ли |
| Қолтаңбасы |
|
| Сайты | |
Ортаққордағы Брюс Ли | |
Брюс Ли (ағылш. Bruce Lee); туған кезіндегі аты — Ли Сяолун (қыт. 李小龙, ағылш. Li Xiaolong, ересек кезіндегі аты — Ли Чжэньфань (қыт. 李振藩, ағылш. Lee Jun-fan); 27 қараша 1940 жыл, Сан-Франциско — 20 шілде 1973 жыл, Гонконг) — шығыс жекпе-жегінің шебері, АҚШ және Гонконг киноактёрі, сондай-ақ кинорежиссёр, продюсер және сценарийші.
Өмірбаяны
1940 жылы 27 қарашада АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Франциско қаласында дүниеге келген. Қытайда Ли Сяо Лун, Ли Дженфан есімдерімен де танымал. Бала кезінен фильмдерге түсе бастаған.
Кино мансабында 36 фильмге түскен. Батысқа Шығыс жекпе-жегін танытқан. Оның өмірі мен шығармашылығы жайлы 30-ға тарта фильм түсірілген. XX ғасырдың екінші жартысында Еуропа елдері мен АҚШ-та шығыс жекпе-жегінің жұлдызы ретінде кеңінен танылған. Кунг-фу және тайцзицюань өнерін меңгерген. Сонымен қатар бокспен және дзюдомен айналысқан. «Джит Кун-до» деген атпен кунг-фудың өзіндік стилін жасап шығарған. 1971 жылы отбасымен Гонконгқа көшіп келеді. 1973 жылы 20 шілдеде Гонконгта 32 жасында қайтыс болған.
Фильмография


- 1941— Алтын қақпадағы қыз (сәби)
- 1948— Байлық туралы арман
- 1949— Sai See in the Dream (Сэй Си)
- 1950— Балақай Чунг
- 1951— Бүлдіршін (/менің ұлым А Чунг)
- 1951— Балалық шақ
- 1953— A Myriad Homes
- 1953— Әкейдің кінәсі
- 1953— Ананың көз жасы
- 1953— In the Face of Demolition
- 1955— Махаббат
- 1955— Махаббат (2 бөлім)
- 1955— Жетімнің қасіреті
- 1955— Адал әйел
- 1955— Жетімнің әні
- 1955—
- 1956— Ажырасуға кештік қылады
- 1957— Нөсер
- 1957— Аяулы қыз
- 1958— Жетім(А Сан)
- 1966—1967— Жасыл шершень(Като)
- 1968— Марлоу(эпизодтық роль)
- 1971— Үлкен босс(Чжэн Чаоань)
- 1972— Тентектің жұдырығы(Чэнь Чжэнь)
- 1972— Айдаһардың жолы(Тан Лунг)
- 1973— Айдахар(Ли)
- 1978— Өліммен ойын(Билли Ло)
- 1981— Өлім мұнарасы(Билли Ло)
Тағы қараңыз
- Жүз жыл ішіндегі Қытай киносының үздік актерлері
Сілтемелер
| ||||||||||||||||||
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 27 қарашада туғандар
- 1940 жылы туғандар
- 20 шілдеде қайтыс болғандар
- 1973 жылы қайтыс болғандар
- Кунг фу шеберлері
- Гонконг актерлері
- Жекпе-жек өнерінің шеберлері