| Тасарық өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 63 км |
| Су алабының ауданы | 285 км² |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Ақкөл қазаншұңқыры |
| Сағасы | Көделі өзенінің оң жағы |
| Орналасуы | |
| Ел | |
| Аймақ | Жамбыл облысы Талас, Жамбыл аудандары |
Тасарық – Талас алабындағы өзен.
Географиялық орны
Жамбыл облысы Талас, Жамбыл аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 63 км, су жиналатын алабы 285 км2 .
Бастауы
Бастауын Ақкөл қазаншұңқырынан алып, оңтүстікке қарай ағып, Көделі өзеніне оң жағынан құяды.
Гидрографикасы
Жағалауы жайпақ, аңғары 30 – 45 м. Қар және жер асты суымен толығады. Жаз айларында кеуіп қарасуларға бөлініп қалады. Жағалауы шабындық және жайылым.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Жамбыл ауданы (Жамбыл облысы) өзендері
- Талас ауданы өзендері
- Талас су алабы