| Бірқазан | |
| Морфометрия | |
|---|---|
| Өлшемі | 5,7 × 1,4 км |
| Ауданы | 4,51 км² |
| Жағалау сызығының ұзындығы | 13,9 км |
| Су алабы | |
| Құятын өзен | Көшім |
| Орналасуы | |
| 49°10′47″ с. е. 50°15′23″ ш. б. / 49.17972° с. е. 50.25639° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 49°10′47″ с. е. 50°15′23″ ш. б. / 49.17972° с. е. 50.25639° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Ел | |
| Аймақ | Батыс Қазақстан облысы |
| Аудан | Жаңақала ауданы |
Бірқазан — Жалтыр көлінің батысында, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қисыққамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан көл.
Гидрографикасы
Аумағы 4,51 км2, ұзындығы 5,7 км, ені 1,4 км, жағалауының ұзындығы 13,9 км. Жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ ескен. Негізінен жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Суы кермек татиды. Көктем айларында Көшім өзені суының есебінен аумағы үлкейеді. Жыл бойы көлде су болады. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзынан арылады. Жағалауы шабындық. Көлде балық бар, қамыс-құрағында құстар ұялайды.
Санаттар:
- Алфавит бойынша көлдер
- Жаңақала ауданы көлдері

