Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жаңақала ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала а

Жаңақала ауданы

  • Басты бет
  • Жаңақала ауданы

Жаңақала ауданы — Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік бөлініс. Аудан 1930 жылы құрылған, аумағы 20,8 мың шаршы км. Орталығы - Жаңақала ауылы.

Қазақстан ауданы
Жаңақала ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Батыс Қазақстан облысы

Аудан орталығы

Жаңақала

Ауылдық округтер саны

9

Ауыл саны

22

Әкімі

Алпамыс Жаңабайұлы Көшкінбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жаңақала ауылы, Халықтар достығы көшесі, №44

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°12′54″ с. е. 50°18′10″ ш. б. / 49.21500° с. е. 50.30278° ш. б. / 49.21500; 50.30278 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°12′54″ с. е. 50°18′10″ ш. б. / 49.21500° с. е. 50.30278° ш. б. / 49.21500; 50.30278 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1930

Жер аумағы

20,8 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

21 653 адам (2023)

Тығыздығы

1,0 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар (98,12%), татарлар (1,19%), орыстар (0,33%), басқалары (0,36%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

090400- 090412

Автомобиль коды

07

Жаңақала ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жаңақала ауданы

Облыс картасындағы Жаңақала ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Батысында Бөкей Ордасы, солтүстігінде Казталов, шығысында Ақжайық ауданы, оңтүстігінде Атырау облысының Индер, Исатай, Құрманғазы аудандарымен шектеседі. Аудан аумағы Каспий маңы ойпатында орналасқан. Жердің беті негізінен тегіс, Каспий жағында оңтүстікке қарай болмашы төмендейді. Аумағы жер бедеріне қарай солтүстік, оңтүстік бөліктерге бөлінеді. Солтүстік бетте жер бедері негізінен тегіс, оңтүстік жағы құмды, құмайтты келеді. Көшпелі құмдардың ауданы көбіне 2 шаршы км дейінгі көлемді құрайды. Шағылдардың биіктігі шамамен 3-6 метр. Ірі өзендер: Қараөзен - ұзындығы 70 км, Сарыөзен - ұзындығы 60 км, Көшім - жалпы ұзындығы - 90 км, Мұқыр - ұзындығы 25 км. Топырағы ашық, сұрғылт топырақты, сортаң, сорлы, боз топырақты болып келеді. Өсімдіктер, негізінен бидайық, ақселеу, сүттеген араласқан сұрғылт жусан шөптерінен тұрады.

Шаруашылығы

Шаруашылықтардың негізгі бағыты - мал шаруашылығы. Аудан - мал шаруашылығы бағытындағы жартылай шөлейтті III ауыл шаруашылық аймағына жатады (облыстың оңтүстік бөлігі). Бұл аймақ азықтық-жемдік дақылдар, күздік қара бидай мен арпа өсіре отырып, топырақ қорғау жүйесімен айналысады. Көкөніс-бақша өнімдері ішкі қажеттілік және оларды базарларға өткізіп сату үшін өсіріледі. Етті ірі қара, етті-майлы қой тұқымдары, түйе, табынды жылқы шаруашылығы мал шаруашылығы өнімдерін өндірудегі басымды бағыттар болып табылады. Ауданда асыл тұқымды Еділбай қойының Бірліктік типі және Көшім тұқымдас асыл тұқымды жылқы малдары өсіріледі.

Халқы

1939 1959 1979 1989 1999 2009 2021
25364 ▼13755 ▲19237 ▲21307 ▲23560 ▼23505 ▲24029

Тұрғындар саны - 24 029 (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар - 98,03%, басқалары - 1,97%.

Ауылдық округтер

22 елді мекен 9 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылы 3 ▼1488
Жаңажол ауылдық округі Жаңажол ауылы 3 ▼1326
Жаңақазан ауылдық округі Жаңақазан ауылы 2 ▼2156
Жаңақала ауылдық округі Жаңақала ауылы 1 ▲9325
Көпжасар ауылдық округі Көпжасар ауылы 3 ▼1748
Қызылоба ауылдық округі Қызылоба ауылы 3 ▼1636
Мәстексай ауылдық округі Мәстексай ауылы 2 ▼1737
Меңдешев ауылдық округі Қырқопа ауылы 1 ▼696
Пятимар ауылдық округі Пятимар ауылы 4 ▼1389

Ірі елді мекендері

Атауы Статусы Халқы (2021)
Жаңақала ауыл ▲ 9325
Жаңақазан ауыл ▼ 1809
Көпжасар ауыл ▼ 1597
Мәстексай (Ленинское) ауыл ▼ 1276
Қызылоба (Красногорское) ауыл ▼ 1249
Бірлік ауыл ▼ 1183
Пятимар ауыл ▼ 1051
Жаңажол ауыл ▼ 824
Қырқопа (Кармановка) ауыл ▼ 696

Аудан басшылары

  1. Сатқали Сапаров (1972-1976)
  2. Әділғазы Нұр­ға­лиев (1976-1991)
  3. Төлеген Мерғалиев (1992-2010)
  4. Лавр Хайретдинов (2011-2017)
  5. Наурызбай Қарағойшин (2017-2021)
  6. Дархан Закарин (2021-2023)
  7. Алпамыс Көшкінбаев (2023-)
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Өсімдіктер

  • Наурыз 14, 2026

    Домбыра

  • Наурыз 29, 2026

    Ескендір (поэма)

  • Сәуір 02, 2026

    Құран Кәрім

  • Наурыз 21, 2026

    Тынық мұхит

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары