| Бұрхан сұлтан өзб. Burhon sulton | |||
| Лауазымы | |||
|---|---|---|---|
| |||
| 1552 — 1557 | |||
| Ізашары | Әбділазиз хан Әбділәтіп хан | ||
| Ізбасары | Пірмұхаммед хан | ||
| Өмірбаяны | |||
| Дүниеге келуі | Белгісіз Бұхара хандығы | ||
| Қайтыс болуы | 1557 Бұхара, Бұхара хандығы | ||
| Әкесі | Мұхаммед Рахым сұлтан ибн Ұбайдулла хан | ||
| өңдеу | |||
Бұрхан сұлтан (өзб. Burhon sulton) — Бұхара хандығындағы Шайбанилер әулетінен шыққан өзбек ханы. 1552–1557 жылдары билік құрды.
Бұрхан сұлтан 1552 жылы Бұхарада хан болып сайланып, Бұхара уәлаятының билеушісі — Шайбани ханның немересі Мұхаммед Жардың серіктесі (тең билеушісі) болады. 1554 жылы Бұрхан сұлтан Мұхаммед Жарды өлтіруге бұйрық береді.
1555 жылы Самарқанда хан болып жарияланған Наурыз Ахмет хан Мәуереннахр аумақтарын біріктіру мақсатында Бұхараға қарай әскери жорық бастап, қаланы үш ай бойы қоршауға алады. Қала қатты қоршауда қалған соң, Бұрхан сұлтан Бұхараны тапсыру және оған бағыну туралы ұсыныспен II Абдолла ханнан көмек сұрайды. Фараб маңындағы шайқастан кейін ІІ Абдолла ханның әскері Наурыз Ахмет ханның әскерін жеңіп, Бұрхан сұлтан өз сөзінде тұрып, өзі Қаракөлге кетіп, Бұхараны ІІ Абдолла ханға береді. Алайда арада бір жарым ай өткен соң, Бұрхан сұлтан келісімді бұзып, Бұхараға шабуыл бастайды және Наурыз Ахмет ханмен достасып, оған көмекке аттанады. Ал ІІ Абдолла хан бітім жасасуға мәжбүр болып, Ауғанстан тарапына кетеді.
Қайтыс болуы
1557 жылдың шілдесінде II Абдолла хан әскер жинап, Бұрхан сұлтанның опасыздығы үшін кек алуды сылтау етіп, Бұхараны ұзақ уақыт қоршауға алады. Қоршаудың тым ұзаққа созылуына байланысты қамаудағылардың жағдайы ауырлайды, содан соң Бұрхан сұлтан амалсыз ІІ Абдолла ханмен бітім жасасуға мәжбүр болады. Бітім жасалғаннан кейінгі түні Бұрхан сұлтан жұмбақ жағдайда өлтіріледі. Бұрхан сұлтанның өлімімен Ұбайдулла ханнан тараған ұрпақтар желісі үзіледі.
Әдебиет
- Тревер К.В., Якубовский А.Ю., Воронец М.Э. История народов Узбекистана, том 2. — Ташкент: АН УзССР, 1947. — 517 с.
- Хафиз-и Таныш ибн Мир Мухаммад Бухари. Шараф-нама-йи шахи (Книга шахской славы). XVI век.
- 1557 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Бұхарада қайтыс болғандар
- Шайбани әулеті
