Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бәйсейіт Төлесұлы – жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі.Ұлы жүз Албан тайпасынан шыққан.

Бәйсейіт Төлесұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бәйсейіт Төлесұлыжоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен атақты батырлардың бірі.Ұлы жүз Албан тайпасынан шыққан.

Жетісу аймағын жоңғарлардан азат етуде әйгілі Райымбек батыр Түкеұлымен, інісі Биеке, Бексейіт (Құсық) батырлармен бірге болып, ержүректілігімен көзге түскен. Жау қолына түсіп, інісі Биекенің және Сәлбен батырдың көмегімен босап шығады. Көпшілік деректерде, ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Бәйсейіттің нағашысы – Ұлы жүздегі дулаттың биі Қараби делінеді. Ол әйгілі батыр Жәнібек Шақшақұлына батасын берген аузы дуалы би. Бәйсейіттің батырлығымен бірге емшілік қасиеті бар әулие адам болғандығы айтылады.

Қазіргі Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының жерінде қайтыс болған. Ол жер осы уақытқа дейін “Бәйсейіт” деп аталады.

1998 ж. туған жері Райымбек ауданындағы Жамбыл ауылында батырдың туғанының 300 жылдығы атап өтіліп, ескерткіш орнатылды.

Жоғары