| Вивека Полин | |
| Viveca Paulin | |
| | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Вивека Биргитта Полин |
| Туған күні | 24 сәуір 1969 (57 жас) |
| Туған жері | Ашим, Гётеборг-Бохус, Швеция |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актриса, кинопродюсер, әнші. |
| Белсенді жылдары | 1997—2010 |
| IMDb | |
Вивека Биргитта Полин-Феррелл (швед. Viveca Birgitta Paulin-Ferrell; 24 сәуір 1969, Ашим, Гётеборг-Бохус, Швеция) – швед актрисасы, кинопродюсер, әнші.
Өмірбаяны
Вивека Биргитта Полин 1969 жылы 24 сәуірде Ашим қаласында дүниеге келген. Ол 1991 жылы «Pomona» колледжін бітірген. 2000 жылдың 12 тамызында Вивека Уилл Феррелл атты актердің әйелі атанады. Олар 5 жыл шамасында кездескен. Екеуінің Магнус Полин Феррелл (2004), Мэттиас Полин Феррелл (2006) және Аксель Полин Феррелл (2010) атты ұлдары бар.
Карьерасы
Вивека карьерасын 1997 жылы бастап, «Money Talks» фильмінде түседі. 1998 жылы Полин тағы екі рөлді ойнап, 2006 жылы «Nail Polish» фильмінің продюсері болады. Қазір АҚШ-та тұрады.
- 24 сәуірде туғандар
- 1969 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша актрисалар
- Швеция актрисалары
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- Швеция кинопродюсерлері
- Алфавит бойынша әншілер
- Швеция әншілері