Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Виктор Фёдорович Янукович (укр. Віктор Федорович Янукович; 9 шілде 1950 жыл, Енакиево, Сталино облысы) — украиналық саясаткер, 2010 жылғы 25 ақпаннан 2014 жылғы

Виктор Янукович

  • Басты бет
  • Виктор Янукович

Виктор Фёдорович Янукович (укр. Віктор Федорович Янукович; 9 шілде 1950 жыл, Енакиево, Сталино облысы) — украиналық саясаткер, 2010 жылғы 25 ақпаннан 2014 жылғы 22 ақпанға дейінгі 4-Украина президенті және 2000 жылдары 9 және 12-Украина премьер-министрі.

Виктор Фёдорович Янукович
укр. Віктор Федорович Янукович
Виктор Фёдорович Янукович
Ресми портреті, 2010
Лауазымы
Ту
Ту
Украинаның 4-Президенті
Ту
Ту
25 ақпан 2010 — 22 ақпан 2014
Ізашары Виктор Ющенко
Ізбасары Александр Турчинов (м. а.)
Пётр Порошенко
Ту
Ту
Украинаның VI шақырылым депутаты
23 қараша 2007 — 19 ақпан 2010
Ту
Ту
Украина премьер-министрі
4 тамыз 2006 — 23 қараша 2007
(18 желтоқсан 2007 жылға дейін м. а.)
Президент Виктор Ющенко
Ізашары Юрий Ехануров
Ізбасары Юлия Тимошенко
21 қараша 2002 — 5 қаңтар 2005
Президент Леонид Кучма
Ізашары Анатолий Кинах
Ізбасары Николай Азаров
Ту
Ту
Украинаның V шақырылым халық депутаты
25 мамыр 2006 — 12 қыркүйек 2006
Президент Виктор Ющенко
Ту
Ту
Донецк облысының 3-губернаторы
14 мамыр 1997 — 21 қараша 2002
Президент Леонид Кучма
Ізашары Сергей Поляков
Ізбасары Анатолий Близнюк
Өмірбаяны
Партиясы 1) КОКП (1979/1980–1991)
2) Аймақтар партиясы (2000–2014)
Білімі Донецк политехникалық институты
Мамандығы инженер-механик
Діні Православие
Дүниеге келуі 9 шілде 1950 (1950-07-09) (75 жас)
Енакиево, Донецк облысы, УКСР, КСРО
Әкесі Фёдор Володимирович Янукович
Анасы Ольга Семеновна Янукович (Леонова)
Жұбайы Людмила Александровна Янукович
Балалары 2
Ғылыми қызметі
Ғылыми аясы экономика ғылымының докторы
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Виктор Фёдорович Янукович Ортаққорда
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Паровоз машинисі мен медбикенің ұлы Виктор Янукович жұмысшы посёлкісінде дүниеге келген. 30 жасында жоғарғы оқу орнын тәмәмдап, 47 жасында Донецк облысының губернаторы болды. 2002–2005 жылдар және 2006–2007 жылдар Украина премьер-министрі, ал 2010 жылғы ақпанда президент болып сайланды («Аймақтар партиясының» серкесі Виктор Янукович басты қарсыласынан 3,5 пайыз айырмашылықпен жеңіске жетті. Сайлаудың екінші кезеңінде оны сайлаушылардың 49 пайызға жуығы қолдаса, 45 пайыздан астамы Юлия Тимошенконы жақтап, дауыс берген). 2014 жылғы Украинадағы саяси дағдарысқа орай саясаттан кетуге мәжбүр болады, өтпелі ізашары Александр Турчинов болды.

2002–2005 және 2006–2007 жылдарда — Украина премьер-министрі.

Мазмұны

Ертерек жылдары

1950 жылы 9 шілдеде Донецк облысы, Енакиев маңайындағы Жуков ауылында дүниеге келді.

Әкесі Фёдор Володимирович Янукович (1923—1991) Витебск облысы, Докшицк ауданы, Януки ауылынан шықты, паравоз жүргізушісі болды. Янукович айтуы бойынша әкесі Донбасстан, орыс әйеліне үйленген. Атасы — Володимир Ярославович Янукович. Віктор айтуы бойынша

Анасы – орыс қызы Ольга Семенова Леонова (1925 — 2 тамыз 1952), медбибі, «Юнком» медсанбөлімінде жұмыс істеді. Віктор 2 жасқа толғанда қайтыс болды. Нағашы атасы, Семён Иванович Леонов, дүниелі шаруа болған. Раскулачивание саясатынан қашып, Донбасс жеріне көшті. Янукович айтуы бойынша "балалық шағы өте қиын және аш болды. Анамсыз өсті. Көшеде жалаңаяқ жүріп, күнделікті өз өмірім үшін күресті".

Янукович ата-тегі орыс, поляк және беларус.

«Янукович» тегі татар ата-тегінен шығуы мүмкін. Януковичтің өзі «Выборча» газетіне берген сұхбатында оның атасы мен арғы бабалары литвалық поляктар екенін айтқан болтын.

Білімі

Пивновка ауданындағы Енакиево қаласының №34 мектебін аяқтады, алайда жақсы оқығанымен үздік бағаға тәмамдамады. 1973 жылы Енакиев тау-кен техникумын аяқтады. 1980 жылдары Донецк политехникалық институтын "инженер-механик" мамандығы бойынша аяқтады. 2001 жылы Украин ішкі сауда академиясының халықаралық құқық факультетінің "халықаралық құқық" мамандығын аяқтады.

Еңбек жолы

1969 жыл - Енакиев металлургия зауытының жұмысшысы. 2 жыл бойы Донецк облыстық автомобиль транспортының аймақтық бірлестігі ПО «Донбасстрансремонт», ПО «Углепромтранс» бас директоры болып жұмыс істеді.

1989-1991 жылдарда екі рет еңбек ұжымының қолдауымен балама негізде басқарушы қызметке сайланған болатын.

1996 жылы тамыз айында Янукович Донецк мемлекеттік әкімшілігініңтөрағасының орынбасары, ал қыркүйек айында төрағаның бірінші орынбасары болып бекітілді.

1997 жылдың 14 мамырынан бастап 2002 жылдың қарашасына дейін Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігінің төрағасы және Донецк облыстық кеңесінің депутты.

1999 жылдың мамыр айы мен 2001 жылдың мамыры аралығында Донецк облыстық кеңесінің төрағасы қызметін қосымша етіп атқарды.

2000 жылдың 12 желтоқсанынан 2004 жылдың 1 ақпаны аралығында - Дон МУУ инновациялық менджменті Кафедрасынаң меңгерушісі. Донецк облыстық кеңесінің ІІІ шақырылымының депутаты.

2002 жылдың 21 қарашасында В.Ф. Янукович Украинаның премьер-министрі қызметіне бекітілді.

2003 жылдың 20 сәуірінде аймақтық Партия төрағасы болып сайланды.

Президенттігіне дейінгі саяси қызметі (1996–2010)

Саяси мансабының бас кезеңі

1980 жылы Виктор Янукович СОКП мүшесі.

Донецк облысының басшылығында

1996 жылдың тамыз айында Віктор Януковичтің саяси қызметі Донецк облысының Вице-Басшысы лауазымына тағайындалғанда басталды. 1997 жылдың 14 мамырында Президенттің № 435/97 Жарлығымен Виктор Янукович Донецк облыстық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы болып бекітілді.

Украина Премьер-министрі (2002-2004)

Анатолій Кінахтың қызметтен кетуінен кейін Президент Леонід Кучма Януковичты Премьер-министр қылып тағайындады. Жоғарғы Радада Виктор 234 дауыс жинап, премьер-министрлігін 2002 жылы 21 қараша күні бастады. Сыртқы істеріне қарасақ, Януковичтың кабинеті Ресейге жақынырақ болғандығымен, Украинаның ЕО құрамында болғанын да қолдаған. НАТО құрамына кіруге қарсы болғанымен, Янукович кабинеті АҚШ-тың Терроризмға қарсы соғысын қолдап, Ирак соғысына украин әскерилерін жібере берген.

2004 жылғы Президенттік сайлауы

 
Донецктегі Виктор Янукович жақтастарының жиылысы, 2004

2004 жылы премьер-министр Виктор Янукович Аймақтар партиясы атынан ұсынылған Украинадағы даулы президент сайлауының негізгі үміткерлерінің бірі болды. Оның қолдаушылары көбінесе Ресеймен жақсы қарым-қатынастарды қолдайтын, Украинаның оңтүстік және шығыс аймақтарынан болатын.

Сайлаудың бірінші раундында ол 39.3 пайыз жинап, 39.8 жинаған оппозиционер Віктор Андрійович Ющенкоге жеңілді. Еш үміткер 50 пайыздан көп жинай алмағандықтан сайлаудың екінші раунды ұйымдастырылды.

Екінші раунд біткенде Янукович жеңімпаз болып аталады. Алайда сайлау нәтижелерінің легитимділігі көптеген украиндар күмәндады және шетел мемлекеттері бұл сайлауды жалған деп айыптады. Осының әсерінен болған жаппай тәртіпсіздіктер Қызғылт сары Революцияға әкеп соқты. Украина Жоғарғы сотымен сайлаудың қайта өткізілуі шешілді және осы жолы Янукович 44.2 пайыз дауыс ғана жинап, Ющенкоға жеңіледі.

Сайлаудың аяқталуынан кейін Украина Парламенті Януковичқа қарсы вотум өткізді де, Янукович қызметтен босатылу керек екендігі шешілді. Өзінің жеңілісіен кейін бес күн өткен соң Янукович қызметінен кетуін жариялады. 2009 жылдың қараша айында Янукович тәртіпсіздікке жол бермеу үшін сайлауда берілгенін айтты. "Мен балаларын жоғалтқан аналарды, күйеулерін жоғалтқан әйелдерді көргім келген жоқ. Мен өлі денелердің Киевтен Днепр арқылы аққанын көргім келген жоқ. Мен зорлық-зомбылық арқылы билікке келгім келген жоқ."

Қызғылт Сары Революциядан кейін

 
Януковичтың Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуі, Киев, 2006

Янукович жеңілісінен кейін Юлия Тимошенконың блокына қарсы оппозицияны құрды. Тимошенко блокының құрамына Тимошенко үкіметі, Олександр Мороз басқарған Социалистік партия мен Ющенконың Біздің Украина партиялары кіреді.

2005 жылы Янукович басқарған "Аймақтар партиясы" Ресейдің "Біртұтас Ресей" партиясымен ынтымақтастық келісімін жасады. 2008 жылы Янукович Біртұтас Ресейдің конгрессінде сөз сөйледі.

2006-2007 сайлауы және екінші премьер-министрлігі (2006-2007)

2006 жылы сайлау алдында Украина Ішкі істер министрі Януковичтің жас кезінде болған қылмыстық айыптауларымен байланысты тергеу өткізді. Министрлігінің басшысы Юрій Віталійович Луценко Януковичті ақтау мүмкін болмады деп жариялады да, оның Украинаның парламенттік сайлауында қатысуға рұқсат берді. Аймақтық Партия басым дауыс жинады. Янукович тізім бойынша аймақтық Партия халықтық депутаты болып сол фракцияны Жоғарғы радада басқарды.

Сол жылы Янукович құжаттардың бұрмалауымен айыпталып, оған қарсы қылмыстық айыптау ұйымдастырылды. Ресей Газетасының (орыс. Российская газета) жазғаны бойынша Янукович тонау мен зорлық жайлы құжаттардың бұрмалануымен айыпталды.

Президенттілігі (2010–2014)

 
Дніпропетровьсктағы Віктор Янукович қолдаушылары

2010 жылғы Президенттік сайлау кампаниясы

2009 жылы Янукович өзінің Президенттік сайлауда қатысатынын жариялады. Оны Аймақтар партиясы мен Украина Жастар партиясы қолдады. Украина Ішкі істер министрі Луценко Викторды кампания барысында болған финанстық алаяқтықпен айыптады. Янукович кампаниясының бюджеты шамамен $100-$150 миллион болды деп саналады.

Сайлаудың соңында Украина Орталық Сайлау Коммисиясы Януковичтың 48.95% дауыс жинап, оның қарсыласы Юлия Тимошенко 45.47% жинағанын жариялады. Сайлауды бақылаған ЕҚЫҰ оның легитимділігін растады.

Ұлықтау рәсімі

Ұлықтау рәсіміне Патриарх Кирилл, ЕуроОдақтың Халықаралық іс және Қауіпсіздік саясатының Жоғарғы өкілі Кэтрин Эштон, АҚШ Президентінің Ұлттық қауіпсіздік жайлы кеңесшісі Джеймс Джонс және Ресей Мемлекеттік Дума Төрағасы Борис Грызлов қатысты. Алайда Якуновичтың үлықтау рәсіміне оның ізашары Ющенко мен оның премьері Юлия Тимошенко қатыспаған.

Бірінші күндері

Украина ата заңы бойынша Президент партия басшысы бола алмайды, сондықтан ол "Аймақтар партиясы"ның басшылығын Микола Азаровқа берді.

Сыртқы саясаты

 
Янукович пен Польша Президенті Бронислав Коморовский, 3 ақпан 2011

Янукович "Украинаның ЕуроОдақпен бірлесуі — біздің стратегиялық мақсатымыз" деген. Тағы ол ЕуроОдақ пен Ресей арасындағы тең қатынастарды құруды мақсат қылды. Януковичтің саясаты шығыс пен батыс арасындағы нейтралдылықты сақтаумен байланысты болған. Ол Украинаның НАТО-ға да, ҰҚШҰ-ға да кірмейтінін мәлімдеген.

2010 жылғы Президенттік сайлау кампаниясында Украинаның қазіргі НАТО-мен қатынасының жеткілікті екенінің түсіндірді, елдің ұйымға кіруі міндетті емес қылып санады. "Украин халқы ешқандай да әскери блоктың құрамында болғысы келмейді. Сондықтан да біз де осы пікірдеміз". Украина мен НАТО-ның қарым-қатынасын ол серіктестік деп сипаттаған, "Украина осыны қажет етеді, өйткені ол ірі мемлекет".

Жалпы президенттілігі

Президенттілікке үміткер болған кездің өзінде де Янукович өзінің алдына қойған басты мақсатын "Украинадағы Қоғамдық өмірдің толық модернизациясын" атаған. Виктор Януковичтің Украина президенті ретіндегі бірінші жарлығы жұмыс күшін және президент хатшылығына кететін шығынды 20%-ға қысқарту болды. Сол жарлықпен ол президенттік хатшылыққа бұрынғы атауын – Украина президентінің әкімшілігіне қайта ауыстырды.

Сын

Кеңес үкіметіне қарсы диссиденті, орыс публицисты және саясаткері және партиясының төрайымы Валерия Новодворская:

  Сіздің еліңіз асықпай тәуелсіздігінен айырылып жатыр, ол Мәскеуге жақындап жатыр. Янукович — сатқын және коллаборационист. Ол бөлікбөлікпен Украинаны Ресейге беріп жатыр... Ол жай ғана білімсіздік емес, ол оның жеке сенімі де емес. Ол Мәскеумен таңдалды, өйткені Кеңестік Украинаны ол ғана қайта құра алады.  

Кейбір украиндар мен шетелдіктер Януковичты авторитарлы билеуші деп те атаған. Оның Ресеймен байланысы жиі кінәратталады.

Отбасы

Виктор Янукович үйленген, зайыбы Людмила Александровна Янукович (1949) — үй қызметінде. Олардың екі ұлы бар: Олександр (1973) — бизнесмен, мамандығы бойынша дәрігер-стоматолог. Віктор (1981—2015) — Украина халық депутаты, Украина аймақтық Партия фракциясының мүшесі.

Сілтемелер

  • Официальное интернет-представительство Президента Украины
  • Официальный блог Президента Украины(қолжетпейтін сілтеме)
  • Сайт Партии регионов Украины Мұрағатталған 9 шілденің 2008 жылы.
  • Мониторинг политической деятельности Виктора Януковича Мұрағатталған 21 шілденің 2006 жылы.
  • Досье на Виктора Януковича — ЛІГА.Досье
  • Знаменитости Украины. Янукович Виктор Фёдорович Мұрағатталған 20 наурыздың 2007 жылы.
  • Оговорки Виктора Януковича Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2011 жылы.
  • Пресс-релиз № 51, қараша 2002 ж. Мұрағатталған 2 наурыздың 2005 жылы.
  • Социологические опросы о Викторе Януковиче Мұрағатталған 11 қазанның 2010 жылы. (Центр Разумкова)
  • Анализ экономической деятельности правительства Януковича  (укр.)
  • Биография Виктора Януковича Мұрағатталған 5 желтоқсанның 2012 жылы.
  • Деятельность Виктора Януковича в новостях Мұрағатталған 24 желтоқсанның 2010 жылы.
  • Биография на сайте Верховной Рады Мұрағатталған 28 қаңтардың 2010 жылы.
  • Реформы В.Януковича Мұрағатталған 6 қаңтардың 2012 жылы.
  • Любимое блюдо Виктора Януковича
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Мыс

  • Сәуір 06, 2026

    Сүт бездері

  • Сәуір 03, 2026

    Павлодар облысы

  • Наурыз 21, 2026

    Өнер

  • Сәуір 05, 2026

    Вернер Гейзенберг

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары