Украина премьер-министрі (укр. Прем'єр-міністр України) — Украинаның үкімет басшысы, Украина үкіметі атқарушы билігінің ең жоғарғы органы, Украина Министрлер Кабинетінің төрағасы.
| Украина премьер-министрі укр. Прем'єр-міністр України | |
Украина елтаңбасы | |
Лауазымды иеленуші Юлия Свириденко 17 шілде 2025 жылдан бері | |
|---|---|
| Басқару түрі | |
| Ресми резиденциясы | Украина үкіметінің ғимараты, Киев |
| Кандидатураны ұсынады | |
| Тағайындайды | |
| Өкілеттігінің мерзімі | Жоғарғы Рада ерте таратылмаса, 5 жыл |
| Айлығы | ай сайын 20,000 ₴[дереккөзі?] |
| Лауазым пайда болды | 28 маусым 1917 |
| Алғашқысы | Володимир Винниченко |
| Сайты | kmu.gov.ua |
Тағайындалуы
Премьер-министрді Верховна Раданың келісімімен президенттің шешімімен тағайындайды. Премьердің тағайындалуын қолдап дауыс бергендер парламенттің көпшілігі болғанда ғана премьер қызметін бастайды.
Украина премьер-министрі лауазымына үміткер Украина Верховна Радасының жалпы отырысында бағдарламалық мәлімдемесімен сөйлеп, Украина халық депутаттарының сұрақтарына жауап береді.
2004 жылдың аяғындағы конституциялық түзетуден бері президенттің премьер-министр лауазымына ұсына алатын адамдар шектелген. Кандидатты ұсыну тәртібінің бұзылуына немесе кандидаттың Конституцияда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуіне байланысты ұсыну мүмкін болмаған кезде.
Премьер-министр, атқарушы биліктің барлық мүшелері сияқты, парламент депутаты бола алмайды.
Міндеті және құқығы
Премьер-министр Украинаның атқарушы билігі – Министрлер Кабинетін басқарады және министрлер қабылдаған қаулыларға қол қояды.
Қорғаныс министрі мен Сыртқы істер министрін қоспағанда, Украина Министрлер Кабинетінің мүшелерін Украина Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Верховна Рада тағайындайды.
2013 жылы Fokus журналындағы петициядан кейін министрлер кабинетінің хатшылығы премьер-министрдің айлық жалақысы 33,980₴ (4 173,42 АҚШ доллары) екенін мәлімдеді, бұл елдегі орташа жалақыдан он бір есе көп.
Премьер-министрлер тізімі
Украинаның 1991 жылғы тәуелсіздігінен бері, 2025 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша, 19 премьер-министрі (м. а. санағанда 23) болған. Украина премьер-министрі қызметінде екі ғана әйел болған — Батьківщина партиясының мүшесі Юлія Володимирівна Тимошенко мен партиясыз Юлія Анатоліївна Свириденко. Премьер қызметінде ең ұзақ қызмет атқарған — Микола Янович Азаров.
| # | Суреті | Аты-жөні (Өмір сүрген жылдары) | Қызметі | Сайлауы | Партиясы | Президенті | ||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1 | Вітольд Павлович Фокін (1932–2025) | 18 сәуір 1991 | 2 қазан 1992 | — | Партиясыз | Леонід Кравчук (1991 — 1994) | ||
| — | Валентин Костянтинович Симоненко (1940 туған) | 2 қазан 1992 | 13 қазан 1992 | — | Партиясыз | |||
| 2 | Леонід Данилович Кучма (1938 туған) | 13 қазан 1992 | 22 қыркүйек 1993 | — | Партиясыз | |||
| — | Юхим Леонідович Звягільський (1933–2021) | 22 қыркүйек 1993 | 16 маусым 1994 | — | Партиясыз | |||
| 3 | Віталій Андрійович Масол (1928—2018) | 16 маусым 1994 | 6 наурыз 1995 | 1994 | Партиясыз | Леонід Кучма (1994 — 2005) | ||
| — | Євген Кирилович Марчук (1941—2021) | 6 наурыз 1995 | 8 маусым 1995 | — | Партиясыз | |||
| 4 | 8 маусым 1995 | 28 мамыр 1996 | — | |||||
| 5 | Павло Іванович Лазаренко (1953 туған) | 28 мамыр 1996 | 19 маусым 1997 | — | Громада | |||
| — | Василь Васильович Дурдинець (1937 туған) | 19 маусым 1997 | 16 шілде 1997 | — | Партиясыз | |||
| 6 | Валерій Павлович Пустовойтенко (1947 туған) | 16 шілде 1997 | 22 желтоқсан 1999 | 1998 | УХДП | |||
| 7 | Віктор Андрійович Ющенко (1954 туған) | 22 желтоқсан 1999 | 29 мамыр 2000 | — | Партиясыз | |||
| 8 | Анатолій Кирилович Кінах (1954 туған) | 29 мамыр 2000 | 21 қараша 2002 | — | УӨКП | |||
| 9 | Віктор Федорович Янукович (1950 туған) | 21 қараша 2002 | 5 қаңтар 2005 | 2002 | Региондар | |||
| — | Микола Янович Азаров (1947 туған) | 7 желтоқсан 2004 | 28 желтоқсан 2004 | — | Региондар | |||
| 5 қаңтар 2005 | 24 қаңтар 2005 | — | Віктор Ющенко (2005 – 2010) | |||||
| — | Юлія Володимирівна Тимошенко (1960 туған) | 24 қаңтар 2005 | 4 ақпан 2005 | — | Батьківщина | |||
| 10 | 4 ақпан 2007 | 8 қыркүйек 2005 | — | |||||
| — | Юрій Іванович Єхануров (1948 туған) | 8 қыркүйек 2005 | 22 қыркүйек 2005 | — | Біздің Украина | |||
| 11 | 22 қыркүйек 2005 | 4 тамыз 2006 | — | |||||
| 12 | Віктор Федорович Янукович (1950 туған) | 4 тамыз 2006 | 18 желтоқсан 2007 | 2006 | Региондар | |||
| 13 | Юлія Володимирівна Тимошенко (1960 туған) | 18 желтоқсан 2007 | 4 наурыз 2010 | 2007 | Батьківщина | |||
| — | Олександр Валентинович Турчинов (1964 туған) | 4 наурыз 2010 | 11 наурыз 2010 | — | Батьківщина | Віктор Янукович (2010 – 2014) | ||
| 14 | Микола Янович Азаров (1964 туған) | 11 наурыз 2010 | 3 желтоқсан 2012 | — | Региондар | |||
| — | 3 желтоқсан 2012 | 13 желтоқсан 2012 | 2012 | |||||
| 14 | 13 наурыз 2012 | 28 қаңтар 2014 | — | |||||
| — | Сергій Геннадійович Арбузов (1976 туған) | 28 қаңтар 2014 | 27 ақпан 2014 | — | Региондар | |||
| 15 | Арсеній Петрович Яценюк (1974 туған) | 27 ақпан 2014 | 27 қараша 2014 | — | Батьківщина | Олександр Турчинов (2014) (м. а.) | ||
| 15 | 27 қараша 2014 | 14 сәуір 2016 | 2012 | Халықтық фронт | Петро Порошенко (2014 – 2019) | |||
| 16 | Володимир Борисович Гройсман (1978 туған) | 14 сәуір 2016 | 29 тамыз 2019 | — | Петро Порошенко блогі | |||
| 17 | Олексій Валерійович Гончарук (1984 туған) | 29 тамыз 2019 | 4 наурыз 2020 | 2019 | Халықтың қызметшісі | Володимир Зеленський (2019 бері) | ||
| 18 | Денис Анатолійович Шмигаль (1975 туған) | 4 наурыз 2020 | 17 шілде 2025 | — | Партиясыз | |||
| 19 | Юлія Анатоліївна Свириденко (1985 туған) | 17 шілде 2025 бері | қазіргі премьер | — | Партиясыз | |||
