| Висла-Одер шабуылы | |||
| Негізгі қақтығыс: Ұлы Отан соғысы | |||
| |||
| Дата | 12 қаңтар — 3 ақпан 1945 жыл | ||
|---|---|---|---|
| Орын | Одер мен Висла өзендерінің арасы | ||
| Нәтиже | КСРО жеңісі | ||
| Қарсыластар | |||
| |||
| Қолбасшылары | |||
| |||
| Тараптар күші | |||
| |||
| Шығындар | |||
| |||
| ||||||
Висла-Одер стратегиялық шабуылдау операциясы — Қызыл Армияның 1945 жылдың басында Польша мен шығыс Германияның жерінде өткізген аса ірі шабуылы.
Үш аптаға созылған бұл шайқас географиялық тұрғыдан Сандомир-Силезия операциясы және Варшава-Познань операциясы болып екіге бөлінеді.
1-ші Украин майданы мен 1-ші Белорус майданы күштері жүзеге асырған бұл шабуыл өте қарқынды жүрді. Тәулігіне жауынгерлер 20–30 шақырым жерді артта қалдырып, жауды Берлин жаққа шегінуге мәжбүрлеген-ді.
Нәтижелері
Фашистердің 35 дивизиясы толығымен жойылды, 25 дивизияның саптары екі не одан да көп есе қысқарды.

Польшаның мемлекеттік құрылымдары қалпына келтіріле бастады.
Кеңес әскерлері Одер өзенінің сол жағасына шығып, немістердің астанасына бағытталған шабуылды жоспарлауға кірісті.
- Екінші дүниежүзілік соғыс
- 1945 жыл