Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Геосинклинальдық аймақ (геосинклинальдық зона) — геосинклиналь-платформаға қарама-қарсы қойылатын жер қабығының тектоникалық қозғалмалы аймағы. Геосинклинальдық

Геосинклинальдық аймақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Геосинклинальдық аймақ (геосинклинальдық зона) — геосинклиналь-платформаға қарама-қарсы қойылатын жер қабығының тектоникалық қозғалмалы аймағы. Геосинклинальдық аймақ ішінде ойыс немесе геосинклиналь майысулары, оларды бөлетін геоантиклиналь жүйелері дамиды. Геосинклиналь аймагында қатпарлар бұзылып, қирап, терең магманың атқылауын туғызады да, жер қабығының күшті қозғалысы болып отырады. Геосинклинальдық аймақ ондаған, жүздеген миллион жыл бойы дами келе, ақырында қатпарлы аймаққа айналып, тектоникалық қозгалмалығын әлсіретеді, тіпті жоғалтады және платформа қасиетіне айналады. Геосинклинальдық аймақтың бастапқы дамуы кезінде майысу процестері мен қалық вулкандық, шөкпе жыныстардың жиналу проц.ееікүшті болады, ал соңгы кезеңінде — қысу құбылысы, қатпар жасалуы, граниттік интрузиясының қосылуы басым болып отырады. Геосинклиналь аймағы қатпарлы аймаққа айнала келе, биік тау өлкелерін жасайды.

Жоғары