| Герберт Джордж Уэллс | |
| ағылш. Herbert George Wells | |
| |
| Туған күні | 21 қыркүйек 1866 |
|---|---|
| Туған жері | Бромли, Ұлыбритания |
| Қайтыс болған күні | 13 тамыз 1946 (79 жас) |
| Қайтыс болған жері | Лондон, Ұлыбритания |
| Азаматтығы | Ұлыбритания |
| Шығармашылық жылдары | 1895—1946 |
| Бағыты | Сыншыл реализм |
| Жанры | Ғылыми фантастика, |
| Шығармалардың тілі | |
| Дебюті | 1895 ж. - «Уақыт машинасы». |
| http://lib.ru/INOFANT/UELS/ | |
Герберт Джордж Уэллс ағылш. Herbert George Wells ( 21.9.1866, Бромли, Ұлыбритания - 13.08.1946, Лондон, Ұлыбритания) - ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі.
Дүкенші отбасында туған. 1888 ж. Лондон университетін бітірді. 1891 ж. биологиялық ғылымы бойынша екі ғылыми атақ алды. 1942 ж. биологиялық ғылыми докторы дәрежесіне еге болды. Көптеген биология және физиология оқулықтарының авторы.
1895 ж. Уэллс «Уақыт машинасы» романында табиғи-ғылыми концепциясына сүйеніп, XX ғ. әдебиет тарихында алғаш ғылыми фантастиканы бастады. Уэллс «Доктор Моро аралы» (1896), «Бақыт дөңгелегі» (1896), «Көрінбейтін адам» (1897), «Айдағы алғашқы адамдар» (1901), «Аспандағы айқас (»1908), «Азат етілген әлем (»1914), т.б. фантастикалық романдарын жариялады. Ол үш рет (1914,1920, 1934) Ресейде болып, «Түнектегі Ресей» (1920) кітабын жазған.
1930 ж. «Өмір ілімі» атты философиялық очерктерді жазған.
- 21 қыркүйекте туғандар
- 1866 жылы туғандар
- 13 тамызда қайтыс болғандар
- 1946 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Англия жазушылары
- Ұлыбритания социалистері
- Антифашистер
