Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Луис Бунюэль (Буньюэль) Портолес (ис. Luis Buñuel Portolés; 22 ақпан, 1900, Каланда, Испания — 29 шілде, 1983, Мехико, Мексика) — Франция, Мексика және Испанияд

Луис Бунюэль

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Луис Бунюэль
ис. Luis Buñuel Portolés
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Луис Бунюэль Портолес

Туған күні

22 ақпан 1900 (1900-02-22)

Туған жері

Каланда, Арагон, Испания

Қайтыс болған күні

29 шілде 1983 (1983-07-29)(83 жас)

Қайтыс болған жері

Мехико, Мексика

Азаматтығы

 Испания
 Мексика (1949 жылдан бастап)

Мамандығы

режиссёр
сценарийші

Белсенді жылдары

1928 — 1977

Бағыты

сюрреализм

Марапаттары

«Оскар» (1973)
«BAFTA» (1974)
«Алтын пальма бұтағы» (1961)
«Алтын арыстан» (1967)

IMDb

ID 0000320

Ортаққордағы Луис Бунюэль

Луис Бунюэль (Буньюэль) Портолес (ис. Luis Buñuel Portolés; 22 ақпан, 1900, Каланда, Испания — 29 шілде, 1983, Мехико, Мексика) — Франция, Мексика және Испанияда жұмыс істеген испандық және мексикалықкинорежиссёр. Көптеген киносыншылар, тарихшылар мен режиссерлер оны барлық уақыттағы ең ұлы және ең ықпалды киногерлердің бірі деп санайды.

Бунюэль жастық шағын Парижде өткізіп, сюрреалистердің әдеби тобына жақын болды, ал оның режиссерлік дебюті — кино тарихындағы маңызды белес саналатын «Андалусиялық төбет» (Un Chien Andalou, 1929, Сальвадор Далимен бірлесіп) атты дыбыссыз қысқаметражды фильмінен кейін топ мүшелігіне ресми түрде қабылданды. Азамат соғысы кезінде Испаниядан кетіп, АҚШ-та тұрды, ал 1946 жылдан бастап Мексикаға тұрақтанды. 1950-жылдары ол коммерциялық жанрларда жұмыс істеді, бірақ дәл осы кезеңде сыншылардың жоғары бағасына ие болған және Канн кинофестивалінің «Үздік режиссура» жүлдесін алған «Ұмытылғандар» (Los Olvidados) атты радикалды драмасын түсірді. Ұзақ үзілістен кейін режиссер «Виридиана» (Viridiana) фильмін түсіру үшін отанына орала алды. Туынды өзінің дінге қарсы бағытымен үлкен дау тудырып, Испанияда тыйым салынды, бірақ режиссерге Канндағы «Алтын пальма бұтағын» (1961) алып келді. 1960-жылдардың ортасынан бастап Бунюэль негізінен Францияда фильмдер түсірді. Оның соңғы жұмыстары ең беделді кинематографиялық марапаттарға, соның ішінде «Алтын арыстан» («Күндізгі ару», 1967) және үздік шет тіліндегі фильм үшін «Оскар» сыйлығына («Буржуазияның биязы тартымдылығы», 1973) ие болды.

Ол 1968 және 1972 жылдары екі рет Әдебиет саласындағы Нобель сыйлығына ұсынылды. Sight & Sound журналының 2012 жылғы сыншылар арасында жүргізген сауалнамасы бойынша барлық заманның ең үздік 250 фильмінің тізіміне Бунюэльдің жеті фильмі енген.

Бунюэль кинематографтағы сюрреализмнің негізін салушылардың бірі және ең маңызды өкілі болып саналады. Оның әр жылдардағы фильмдерінде сюрреализм поэтикасының негізгі ерекшеліктері көрініс тапқан: шынайылық пен түстің араласуы, үйлеспейтін дүниелердің қиысуы және дайындығы жоқ көрерменді есеңгіретуге бағытталған бейнелердің құрылуы. Өмір бойы коммунистік көзқарастарды ұстанып, атеист болып қалған Бунюэль өз фильмдерінің тұрақты тақырыбы ретінде заманауи қоғамды, буржуазияны, шіркеуді және Испанияның архаикалық дәстүрлерін сынауды таңдады.

The New York Times басылымында жарияланған некрологта ол туралы: «жас кезінде авангардтық сюрреализмнің көшбасшысы, ал жарты ғасырдан кейін әлемдік деңгейдегі басым режиссерге айналған иконокласт, моралист және революционер», — деп жазылды.

Жоғары