Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Гидротехникалық ғимараттар — су қорын дұрыс пайдалану үшін қолданылатын гидротехникалық құрылыстар немесе судың зиянды әсеріне қарсы жүргізілетін құрылыстар кеш

Гидротехникалық имараттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Гидротехникалық ғимараттар — су қорын дұрыс пайдалану үшін қолданылатын гидротехникалық құрылыстар немесе судың зиянды әсеріне қарсы жүргізілетін құрылыстар кешені; гидротехникалық имараттар арқылы судың деңгейі, су өтімі су ағынының бағыты және оның жылдамдығы реттеледі, су тұнбаларының режімі басқарылады.

Гидротехникалық ғимараттың негізі — тау жынысытың шомбал бөлігі, тұрғызылатын гидротехникалық ғимараттың массалық және басқа да түсетін күшті қабылдайтын тау жынысы. Олар жартасты, жартылай тасты және тассыз болып бөлінеді.
Гидротехникалық имараттардың өзгерісі — гидротехникалық имараттардың кейбір бөліктері мен негізгі құрылысының бастапқы жоспарланған жағдайынан сыртқы күштің әсерінен, топырақтың шөгуінен, табиғи, климаттық және т.б. факторлардың әсерінен өзгеруі.
Гидротехникалық ғимараттардың бүлінуі — мелиорациялық жүйедегі гидротехникалық құрылыстың тозуынан немесе басқа сыртқы күштің әсерінен бұзылуы.

Жоғары