Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Рымбек Жүнісов (1941 жылы туған) — агроном. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1967). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққа

Рымбек Жүнісов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Рымбек Жүнісов (1941 жылы туған) — агроном. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1967). Арғын тайпасы, Қаракесек руының Әлтеке бұтағынан шыққан.

Еңбек жолын 1961 жылы қазіргі Ақтоғай ауданы 22-съезд атындағы кеңшардың бас агрономы болып бастаған. Одан кейін «Қоңырат» кеңшарында бас агроном, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, аудандық ауыл шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары, «Қызыл-арай» кеңшарында директор, аудандық кеңес атқару комитегі төрағасының 1-орынбасары болып қызмет атқарған.

1985 жылдан Ақтоғай аудандық, партия комитетінің 2-хатшысы, 1987 жылдан 1-хатшысы болды. 1990 жылы ҚазКСР халық депутаты болып сайланған.

Жоғары