Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Гренландия — әлемдегі ең үлкен арал. Оның ерекшелігі ол толықтай дерлік мұз астында (85%), сондықтан да онық қазба байлықтары әлі толық зерттелмеген.

Гренландия (арал)

  • Басты бет
  • Гренландия (арал)

Гренландия — әлемдегі ең үлкен арал. Оның ерекшелігі ол толықтай дерлік мұз астында (85%), сондықтан да онық қазба байлықтары әлі толық зерттелмеген.

Гренландия
гренл. Kalaallit Nunaat, дат. Grønland
Сипаттамасы
Ауданы2 130 800 км²
Ең биік нүктесі3700 м
Тұрғындар (2010 жыл)57 600 адам
Халық тығыздығы0,027 адам/км²
Орналасуы
72°27′00″ с. е. 40°30′00″ б. б. / 72.45000° с. е. 40.50000° б. б. / 72.45000; -40.50000 (G) (O) (Я)Координаттар: 72°27′00″ с. е. 40°30′00″ б. б. / 72.45000° с. е. 40.50000° б. б. / 72.45000; -40.50000 (G) (O) (Я) (T)
Аралды шаятын акваторияларАтлант мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхит
Ел Дания
АймақГренландия
Гренландия (арал) (Солтүстік Америка)
Гренландия
Гренландия (арал) (Гренландия)
Гренландия
Гренландия Ортаққорда
 Басқа мағыналар үшін Гренландия (айрық) деген бетті қараңыз.

Десе де оның жағалауы жаз бойы көгалданып тұрады, аралда кейбір өсімдіктер -20 °С температурада да гүлдене береді. Егер де Гренландия мұзы толықтай еріген болса әлемдік теңіз деңгейі 7.4 метрге көтерілер еді. Арал мұзы орталығынан шеттеріне қарай әрқашан қозғалуда, кейде тәулігіне 20 метр жылдамдықпен. Ал арал жағасына жеткенде алып мұз таулар болып бөлініп мұхитқа түседі, олардың биіктігі 100 м, ұзындығы шақырымға дейін болады. Атақты Титаник кемесі де осы Гренландиядан шыққан айсбергке соқтығысып суға батқан. Жыл сайын Гренландиядан 10-15 мың айсберг бөлініп шығады.Гренландия соңғы үш ғасырда Данияға тиесілі, өзінің үкіметі мен парламенті бар автономия. Жергілікті тұрғындар тәуелсіздік талап етуде, соңғы жылдары олар тек өзін өзі басқару құқығына ғана ие болды.

Алғашқы тұрғындар эскимостар болғанымен, аралды алғашқы ашқан адам ретінде Сары Эйрик деп танылған. Ол Норвегия мен Исландиядан адам өлтіргені үшін қудаланып 982 жылы саяхатқа шыққанда Гренландияны ашады, аралға Гренландия атын да берген осы адам. Аралды 1721 жылы Дания отарлап алған.

Жергілікті тұрғындары — иннуиттер. Халық саны 56 мың. Иннуиттер аң аулау, балық аулауменн айналысады. Иннуиттер өздерін эскимос деп атағанды қаламайды. Өте ақ көңіл, бірақ арақ-шарап ішкенді жақсы көреді. Аралда күн сирек шығады, бірақ бір шыққанда күн қызуы өте зор. Осындайда тұрғындар іш киімдерімен күнге қыздырынуға далаға шыққанды жақсы көреді, байқамаса аралда аз уақытта күнге тез күйіп кетуге болады. Олар Дания салықтарынан босатылған, алайда Дания аралдың барлық қазба байлықтарына бақылау орнатқан.Сол себепті Гренландияны мәңгі "жасыл жер" деп атаған

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Мұстафа Шоқай

  • Сәуір 02, 2026

    Ақмола облысы

  • Сәуір 07, 2026

    Ормуз бұғазы

  • Сәуір 07, 2026

    Герман империясы

  • Наурыз 23, 2026

    Омоним

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары