Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Абай, Келес ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, дипломат, 2025 жылдан бастап қызметтегі

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды

  • Басты бет
  • Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды (26 наурыз 1974 жыл, Абай, Келес ауданы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, экономист, дипломат, 2025 жылдан бастап қызметтегі Алматы әкімі. Бұрын Шымкент (2013—2015) және Түркістан облысының әкімі (2022—2025) болған.

Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды
Лауазымы
Ту
Ту
Алматы қаласының 9-әкімі
Ту
Ту
24 мамыр 2025 жылдан бастап
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Ерболат Досаев
Ту
Ту
Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары
Ту
Ту
6 қаңтар 2025 — 24 мамыр 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Тимур Сүлейменов
Ізбасары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары ретінде Ерболат Досаев
Ту
Ту
Түркістан облысының 13-әкімі
Ту
Ту
31 тамыз 2022 — 6 қаңтар 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Өмірзақ Шөкеев
Ізбасары Нұралхан Көшеров
Ту
Ту
Қазақстанның Өзбекстандағы 9-Төтенше және Өкілетті Елшісі
Ту
Ту
18 наурыз 2019 — 30 тамыз 2022
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Қасым-Жомарт Тоқаев
Ізашары Ерік Өтембаев
Ізбасары Бейбіт Атамқұлов
Ту
Ту
Сенаттың VI сайланым депутаты
Ту
Ту
5 қазан 2018 — 18 наурыз 2019
Ізбасары Айгүл Қапбарова
Төраға Қасым-Жомарт Тоқаев
Ту
Ту
Шымкент қаласының 11-әкімі
Ту
Ту
27 мамыр 2013 — 19 тамыз 2015
Президент Нұрсұлтан Назарбаев
Ізашары Қайрат Молдасейітов
Ізбасары Ғабидолла Әбдірахымов
Өмірбаяны
Партиясы Аманат
Білімі С.Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институты (1996) Қазақ мемлекеттік заң университеті (2003)
Дүниеге келуі 26 наурыз 1974 (1974-03-26) (51 жас)
Келес ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы
Жұбайы Жанар Мекембаева
Балалары 3
Марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Мазмұны

Білімі

Сәкен Сейфуллин атындағы Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қызметі

  • Еңбек жолын 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Келес ауданының «Келес» коммуналдық кәсіпорнында бастаған.
  • 2000-2006 жылдары Қаржы министрлігінде, Президенттің Іс басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.
  • 2007-2010 жылдары Білім және ғылым министрлігінің Бюджет және Қаржы департаменттері директорының орынбасары, Ғылым комитеті төрағасының орынбасары болған.
  • 2010 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент бастығы лауазымына тағайындалған.
  • 2011-2013 жылдары Премьер-Министр Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары лауазымын атқарған.
  • 2013 жылы Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалған.
  • 2015-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған. Парламент Сенатының депутаты болып сайланған.
  • 2019 жылғы наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
  • 2022 жылғы 31 тамыздан Түркістан облысының әкімі болып тағайындалды.
  • 2025 жылғы 6 қаңтарда Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылып, Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
  • 2025 жылғы 24 мамырда Алматы қаласы мәслихатының жаңа әкімді тағайындауға келісім беру үшін жиналыс өткізіліп, Сатыбалды лауазымға тағайындалды.

Отбасы және балалары

  • Әйелі: Мекембаева Жанар Ахмеджанқызы (1981)
  • Ағайындылар: Сатыбалдиев Ғабит Амангелдіұлы - SAT-NS ЖШС және SAT Group Construction ЖШС құрылтайшысы, Сатвалдиев Сұңқар Амангелдіұлы-SAT GROUP Project ЖШС құрылтайшысы.

Марапаттары

  • Ерен еңбегі үшін медалі
  • Құрмет ордені
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Ұрым империясы

  • Наурыз 14, 2026

    Махамбет Өтемісұлы

  • Сәуір 04, 2026

    Қырым аннексиясы

  • Наурыз 29, 2026

    Жапырақ

  • Наурыз 11, 2026

    Орта жүз

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары