Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Келес ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, 2018 жылдың 5 маусымы күні төртінші рет қайта құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығ

Келес ауданы

  • Басты бет
  • Келес ауданы

Келес ауданы — Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, 2018 жылдың 5 маусымы күні төртінші рет қайта құрылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Абай ауылы.

Қазақстан ауданы
Келес ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Түркістан облысы

Аудан орталығы

Абай

Ауылдық округтер саны

12

Ауыл саны

83

Әкімі

Жәнібек Есенұлы Ағыбаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Абай ауылы, Рысқұлов көшесі, №89

Тарихы мен географиясы
Координаттары

41°15′ с. е. 68°30′ ш. б. / 41.250° с. е. 68.500° ш. б. / 41.250; 68.500 (G) (O) (Я)Координаттар: 41°15′ с. е. 68°30′ ш. б. / 41.250° с. е. 68.500° ш. б. / 41.250; 68.500 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

5 маусым 2018 жыл

Жер аумағы

3 451 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

133 753 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар 92,53 %
өзбектер 5,32 %
түріктер 0,6 %
ұйғырлар 0,28 %
басқалары 1,27 %

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 725 32 ххх хх

Автомобиль коды

13

Келес ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Келес ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Батысы мен оңтүстігінде Шардара, солтүстігінде Сарыағаш аудандарымен, шығысында Өзбекстанмен шектеседі.

Тарихы

Келес ауданы алғаш рет 1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-ның Сырдария губерниясына қарасты Бағара және Ақжар болыстары жерінде құрылған. 1932 жылы 10 наурызда жаңадан құрылған Оңтүстік Қазақстан облысы құрамына кіреді. 1939 жылы 16 қазанда Келес ауданынан Сарыағаш ауданы бөлініп шығады. 1963 жылы 2 қаңтарда аудан таратылып, аумақ Сарыағаш ауданына беріледі. 1969 жылы 13 қаңтарда Келес ауданы екінші рет құрылып, 1988 жылы Сарыағаш ауданы құрамына қайтадан өтеді. 1989 жылы 13 қазанда орталығы Абай ауылы болып Келес ауданы үшінші рет құрылады, 1997 жылы сәуір айының 24-де таратылып, Сарыағаш ауданы құрамына өтеді. 2018 жылы маусым айының 5-де аудан төртінші рет қайта құрылды.

Халқы

1939 1959 1970 1979 2009 2021
 70987 ▼30870 ▲49710 ▲57959 ▲110476 ▲130251

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 83 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 17700 ▲23510 132,8 8608 ▲11861 137,8 9092 ▲11649 128,1
Ақтөбе ауылдық округі 20418 ▲23220 113,7 10384 ▲11990 115,5 10034 ▲11230 111,9
Алпамыс батыр ауылдық округі 4620 ▲5872 127,1 2319 ▲3050 131,5 2301 ▲2822 122,6
Бозай ауылдық округі 2149 ▲2391 111,3 1104 ▲1212 109,8 1045 ▲1179 112,8
Бірлесу ауылдық округі 3875 ▲4788 123,6 1970 ▲2456 124,7 1905 ▲2332 122,4
Бірлік ауылдық округі 5111 ▼4991 97,7 2614 ▼2598 99,4 2497 ▼2393 95,8
Біртілек ауылдық округі 16830 ▲19812 117,7 8350 ▲10167 121,8 8480 ▲9645 113,7
Жамбыл ауылдық округі 3229 ▲3538 109,6 1634 ▲1821 111,4 1595 ▲1717 107,6
Жүзімдік ауылдық округі 3493 ▲4192 120 1794 ▲2205 122,9 1699 ▲1987 117
Қошқарата ауылдық округі 15857 ▲17701 111,6 8013 ▲9036 112,8 7844 ▲8665 110,57
Ошақты ауылдық округі 12183 ▲14037 115,2 6254 ▲7268 116,2 5929 ▲6769 114,2
Ұшқын ауылдық округі 5011 ▲6199 123,7 2587 ▲3240 125,2 2424 ▲2959 122,1
ЖАЛПЫ САНЫ 110476 ▲130251 117,9 55631 ▲66904 120,3 54845 ▲63347 115,5

Әкімдері

  • Ақментай Үсенұлы Есбаев (07.2018-12.2022 ж.).
  • Жәнібек Есенұлы Ағыбаев (12.2022 жылдан).
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 08, 2026

    Түпқараған түбегі

  • Сәуір 04, 2026

    Бөрілітөбе ауданы

  • Наурыз 22, 2026

    Мақала

  • Сәуір 04, 2026

    Бауырымен жорғалаушылар

  • Наурыз 13, 2026

    Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары