Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар

  • Басты бет
  • Дауыссыз дыбыстар

Дауыссыз дыбыстар — тек салдыр немесе салдыр мен үн қатысы арқылы жасалатын, буын құрай алмайтын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстарды айтқанда көмейде кедергіге ұшырмаған фонациялық ауа ауыз қуысына күшті қарқынмен келеді. Ауыз тар ашылғандықтан, көмей арқылы келген қарқынды ауа әр түрлі артикуляциялық мүшелермен соқтығысады.

Қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінде 26 дауыссыз бар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ. Бұлардын ішінде һ дауыссызы парсы-араб сөзінде, в, ц, ч дауыссыздары негізінен орыс кірме сөздерде кездеседі.

Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар дауыс қатынасына қарай үшке бөлінеді:

  • Қатаң дауыссыздар — дауыс шымылдығы қатыспай, тек салдырдан жасалатын дауыссыз дыбыстар: п, к, қ, т, с, ф, х, ц, ч, ш щ;
  • Ұяң дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын, салдыр мен үн тең болатын дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з;
  • Үнді дауыссыздар — дауыс шымылдығының қатысуымен жасалатын салдырға қарағанда үн басым дауыссыздар: р, л, м, н, ң, у.

Жұп дауыссыздар

  • Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар: п – б, ф – в, к – г,қ – ғ,т – д,с – з,ш – ж. Бұл жұп болған дыбыстардың жасалу орны бір-біріне өте жақын. Мысалы, п, б дыбыстары екі еріннің қақтығысуы арқылы жасалады.

Екі еріннің бір-біріне жабыса тиісуі арқылы жасалатын м, б, п еріндік дауыссыздар деп аталады.

Жіңішке дауыссыздар — сөз құрамындағы дауыссыз дыбыстардың көрші жінішке дауыстылармен үндесіп жінішкеруі (сыз — сіз, тұз — түз).

Жуан дауыссыздар — тілдің орта тұсынын қатты тандайға көтерілмеуінен тембрі (әуені) төмен, қатаң айтылатын дауыссыздар.

Тағы қараңыз

  • Дауыссыздар үндестігі
  • Дауысты дыбыстар
  • Дауыстылар үндестігі
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Арал теңізі

  • Сәуір 04, 2026

    Үшарал (қала)

  • Наурыз 11, 2026

    Франция

  • Наурыз 24, 2026

    Күн радиациясы

  • Наурыз 13, 2026

    Қояндар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары