Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауысты дыбыстар

  • Басты бет
  • Дауысты дыбыстар

Дауысты дыбыстар — дыбыстау мүшелерінің бірыңғай толық қатысуынан, фонациялық ауаның кедергісіз, еркін және баяу шығуынан жасалатын дыбыстар.

Дауысты дыбыстар фонациялық ауаның көмейде керіліп тұрған дауыс шымылдығына соқтығуынан пайда болған дірілден жасалады. Дауысты дыбыстардың басты қасиеті сөз ішінде буын жасап, дауыссыз дыбыстармен тіркесе алатындығында.

Мазмұны

Қазақ тілі

Қазіргі қазақ тілінің дауыстылар жүйесі 12 дыбыстан құралған: а, ә, е, и, о, ө, у, ұ, ү, ы, і, э. Дауысты дыбыстар айтылғанда жақтың, еріннің, тілдің қатысу дәрежесіне қарай: ашық–қысаң, еріндік–езулік, жуан–жіңішке болып бөлінеді.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстардан құрылған дифтонгтар да бар: и, у, ю, я. Мысалы: ми [мый], миіз [мійіз], мия [мыйа], тиым [тыйым], тию [тійіу], тию [тыйыу], жиын [жыйын], жиен [жійен], шипа [шыйпа], шие [шійе], сүю [сүйіу], сия [сыйа], би [бій], бидай [быйдай], зиян [зыйан], ию [ійіу], у [ұу], су [сұу] сурет [сүурет].

Қазақ тіліндегі дауыстылар жіктелуі:

Тілдің қатысына қарай:

  • Жуан дауыстылар — тілдің кейін жиырылуы арқылы жасалатын дауыстылар: а, о, (у), ұ, ы
  • Жіңішке дауыстылар — тілдің ілгері созылуы арқылы жасалатын дауыстылар: ә, е, (и), ө, ү, і

Жақтың қатысына қарай:

  • Ашық дауыстылар — тілдің таңдайға қарай төмендеп барып көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар, оларды айтқанда жақ кең ашылып, иек төмендейді: а, ә, е, о, ө
  • Қысаң дауыстылар — жақтың кең ашылмай, тілдің таңдайға қарай жоғары көтерілуі арқылы жасалатын дауыстылар: ы, і, (и), (у), ү.

Еріннің қатысына қарай:

  • Еріндік дауыстылар — айтылуда еріннің алға қарай сүйірленуі арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: о, ө, ұ, ү, (у).
  • Езулік дауыстылар — айтылуда еріннің кейін тартылып, езудің жиырылуы арқылы жасалатын дауысты дыбыстар: а, ә, е, э, ы, і, (и).

Қазақ тіліндегі кірме сөздердің дауыстылары көбіне қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне бейімделіп айтылады. Мысалы, қазақтың төл сөздерінде кездеспейтін [э] дыбысы русизмдерде ғана қолданылады (экран, эффект). [и] және [у] дыбыстары қазақ тілінде әдетте қос дыбыстар түрінде беріледі (бій – би, сұу – су), бірақ кірме сөздерде олар дербес дауысты дыбыс ретінде айтылады (институт, функция).

Тағы қараңыз

  • Дауыссыз дыбыстар
  • Дауыссыздар үндестігі
  • Дауыстылар үндестігі

Ескертпелер

  1. и мен у әріптері қазақтың төл сөзінде ғана дифтонг болады. Кірме сөздерде олар көбіне /ɪ/ мен /u/ деп оқылады: функция, Италия, Игнатий
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Қара қаңлы

  • Сәуір 02, 2026

    Қиғаш сызық

  • Наурыз 13, 2026

    Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

  • Наурыз 29, 2026

    Оқшау сөздер

  • Наурыз 24, 2026

    Әже

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары