| Джастин Бибер Justin Bieber | |
| Джастин Бибер 2015 жылы | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Толық аты | ағылш. Justin Drew Bieber |
| Туған күні | 1 наурыз 1994 (32 жас) |
| Туған жері | Лондон, Онтарио, Канада |
| Белсенділік жылдары | 2007 — қазіргі күн |
| Мемлекет |
|
| Мамандығы | әнші, музыкант, актёр |
| Аспаптары | вокал, гитара, фортепиано, соқпалы музыкалық аспап |
| Жанрлары | поп, R&B |
| Лақап аты | JB |
| Қызметтес болған | Ашер |
| Марапаттары | Teen Choice Awards |
| justinbiebermusic.com | |
Джастин Дрю Бибер (ағылш. Justin Drew Bieber; 1 наурыз 1994, Лондон, Онтарио, Канада) — канадалық поп-R&B-әнші және актер, композитор. 2008 жылы атақты менеджер Скутер Браун оның YouTube-тағы бейнероликтерімен танысып, артынан оның менеджері ретінде жұмыс істей бастады. Браун Джастинге Атлантада (Джорджия, АҚШ) Ашермен кездесу ұйымдастырды. Көп ұзамай Бибер Raymond Braun Media Group (RBMG) медиа және жазба компаниясының әртісіне айналды. Оның 2009 жылы шығарылған алғашқы дебютты синглы «One Time» Канадалық ондықтан және өзге мемлекеттердегі ең танымал 30 әндер арасынан орын алды. 2009 жылдың 27 жұлдызында жарық көрген ең алғашқы My World мини-альбомы АҚШ-та платинге айналды. Джастин дебютті альбомындағы жеті синглы Billboard Hot 100 -ге түскен ең бірінші әнші атанды.
Мансабы мен өмірбаяны
Джастин ән айтуды бірнеше жыл бұрын ғана бастаған. Екі жасынан бастап музыкалық аспаптарға қызығушылық білдірді.Музыкадан бөлек ол хоккей, баскетбол, футбол және гольф сияқты спорт түрлерімен айналысуды ұнатады. Өзінің айтуы бойынша, ол ән айтуды танымал болу мақсатымен бастаған жоқ, оған кездейсоқ жағдай көмектесті. Ол атақты әншілердің композицияларын өзінің стилінде қайта орындап, оны бейнекамераға түсіріп, түсірген видеоларын YouTube каналына салып отырды. Көп ұзамай оның табынушылары,алғашқы көрермендері пайда болды. Осылайша Джастиннің жұлдыз жолына алғашқы қадамы басылды.
Концерттік турлары
- My World Tour (2010–2011)
- Believe Tour (2012–2013)
- Purpose World Tour (2016–2017)
- Justice World Tour (2022)
Фильмдер тізімі
- Джастин Бибер: Ешқашан Деме Ешқашан (2011)
- Қара киімділер 3 (2012)
- Кэти Перри: Менің Бөлігім (2012)
- Зендея: Сахна Артында (2012)
- Джастин Бибердің Сенімі (2013)
- Нашар Мінез (2014)
Сілтемелер
- justinbiebermusic.com Джастин Бибер
| ||||||||||||||||||
| Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
- 1 наурызда туғандар
- 1994 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша әншілер
- АҚШ әншілері
- Канада әншілері
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- Канада актерлері
- Алфавит бойынша музыканттар