Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өзендердің қоректенуі — бұл судың әртүрлі табиғи көздерден өзенге түсуі, оның сулылығын қамтамасыз ету процесі. Ғаламшардағы өзендердің негізгі қоректенуі атмос

Өзендердің қоректенуі

  • Басты бет
  • Өзендердің қоректенуі

Өзендердің қоректенуі — бұл судың әртүрлі табиғи көздерден өзенге түсуі, оның сулылығын қамтамасыз ету процесі. Ғаламшардағы өзендердің негізгі қоректенуі атмосфералық жауын-шашындар. Жаңбыр және көктемгі қар суының бір бөлігі буланса, ал екінші бөлігі алаптың бетімен өзен жүйесіне жиналады. Біраз бөлігі топырақ пен грунтқа сіңеді, жер асты суларының қорын молайтады. Сонымен қатар өзеннің аңғарын су шаюы процесі де арнаны тереңдете түсіп, жер асты су қабатын қоректендіреді. Биік таулы және полярлық аудандарда өзендер жоғарыда көрсетілген қоректену көздерімен қоса мұздықтар мен мәңгі қарлардың суымен де қоректенеді, яғни қар, жаңбыр, жер асты сулары мен мұздықтар өзеннің қоректену көздері болып табылады. Кейбір жағдайларда қоректену көздерінің жеке түрлерінің рөлін айкындау қиын, ондай жағдайда "аралас қоректену" терминін қолданады. Мұздық қоректену көзі бар өзеннің сулылығы жазда ұлғаяды. Мысалы, Орталық Азия мен Үлкен Кавказ таулы өзендерінің жоғары ағыстарында мұздық қоректену көзі басым келеді. Аралас қоректену көзі өзендерде ең көп тараған. Қоректену көздерінің ара қатынасы әр түрлі аудандарда бірдей емес. Олар бір өзеннің өзінде маусым сайын құбылып отырады. Бұл өзгешеліктер негізінен климаттық жағдайларға, жауын-шашын режіміне және жыл бойындағы ауаның температурасына тәуелді.

Мазмұны

Өзендердің мұздықпен қоректенуі

Өзендердің мұздықпен қоректенуі - өзендердің мұздықтардан ағып келетін сумен қоректенуі. Гляциологияда өзендердің мұздықпен қоректенуіне мұздықтағы көп жылдық мұздың, қардың, қиыршық мұздың және абляция атырабындағы маусымдық қардың еруі де жатады.

Өзеннің қызылсу мұзының суымен қоректенуі

Өзеннің қызылсу мұзының суымен қоректенуі – қызылсу мұзының еруі және оның су таскындарымен бұзылуының нәтижесінде еріген қызылсу мұзы суларының беткі ағынды суларға келіп қосылуы.

Тағы қараңыз

  • Өзен;
  • Өзен алабы;
  • Өзен аңғары;
  • Өзен жүйесі;
  • Өзен бастауы;
  • Өзен сағасы;
  • Өзен еңістігі;
  • Өзен желісі;
  • Өзен жүйесі;
  • Өзен иректілігі;
  • Өзен ирелеңі;
  • Өзен көлігі;
  • Өзен суының тартылуы;
  • Өзен эрозиясы;
  • Өзендердің бөлінуі;
  • Өзенді ілестіру;
  • Өзеннің бас жары;
  • Өзен аралығы.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    20 наурыз

  • Наурыз 13, 2026

    Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев

  • Наурыз 29, 2026

    Құрмалас сөйлем

  • Сәуір 07, 2026

    Шақ (етістік)

  • Сәуір 06, 2026

    Әбіш Кекілбаев

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары