Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джейден Кристофер Сайер Смит — американдық актер, биші, рэпер. "Бақытты аңсау", "Жер тоқтап қалған күн", "Каратэ-бала", "Біздің заманнан кейін" фильмдерінде түс

Джейден Смит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джейден Смит
Сурет
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Джейден Кристофер Сайер Смит

Туған күні

8 шілде 1998 (1998-07-08)(28 жас)

Туған жері

Малибу, Калифорния, АҚШ

Мамандығы

актер, биші, рэпер

Джейден Кристофер Сайер Смит — американдық актер, биші, рэпер. "Бақытты аңсау", "Жер тоқтап қалған күн", "Каратэ-бала", "Біздің заманнан кейін" фильмдерінде түсу арқылы әлемге танылды.

Өмірбаяны

Джейден Смит 1998 жылы 8 шілде күні Малибуда Уилл Смит пен Джада Пинкетт Смит отбасында дүниеге келді. Қарындасы Уиллоумен бірге үйде білім алады. Джейден мен Уиллоу Африкада ЖИТС ауруымен ауыратын балаларға көмек көрсету үшін бағытталған қайырымдылық шарасымен айналысатын Hasbro компаниясының жас елшілері.

Мансап

Кино әлеміне қадам 2006 жылы әкесі Уилл Смитпен бірге түскен "Бақытқа деген ұмтылыс" фильмінен басталды. "Бақытқа деген ұмтылыс" фильміне түсу арқылы 2007 жылы MTV Movie Awards жүлдесіне иеленді. 2008 жылы Киан Ривзбен бірге "Жер тоқтап қалған күн" фильміне түсті. 2010 жылы "Каратэ бала" фильмінде Джеки Чанмен бірге басты рөлді сомдады. "Каратэ бала" фильмі 300 млн. доллар қаржы жинады.

Рэпер ретінде Джастин Бибермен өлең айту арқылы танылды.

2013 жылы Джейден алғаш рет Санкт - Петербургте "Біздің заманнан кейін" фильмінің премьерасында, әкесі Уилл Смитпен бірге болды.

Фильмография

Жыл Қазақша атауыАғылшынша атауыРөлі
2003 - 2004 с БәрімізAll of usРеджи
2006 ф Бақытты аңсауThe Pursuit of HappynessКристофер Гарднер
2008 с Зак пен Кодидің Балғын ӨміріThe Suite Life of Zack & CodyТрэвис
2008 ф Жер тоқтап қалған күнThe Day the Earth Stood StillДжейкоб Бенсон
2010 ф Каратэ-балаТhe Karate KidДре Паркер
2011 ф Джастин Бибер: Ешқашан Деме ЕшқашанNever say neverкамео
2013 ф Біздің заманнан кейінAfter EarthКитай Рэйдж
2018 ф Скейт-ас бөлме Skate Kitchen Девон
2020 ф Бір жылдағы өмір Life in a Year Дэрин
Жоғары