Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Джеймс Аббот (1807–1896) — ағылшын зерттеушісі, армия капитаны. 1840-жылдың сәуір-мамыр айларыңда ағылшын елшілігінің құрамында (Г.Стоддарт, В.Шекспир, А.Кополл

Джеймс Аббот

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Джеймс Аббот
Туған күні

1807 (1807)

Қайтыс болған күні

1896 (1896)

Қызметі

ағылшын зерттеушісі, армия капитаны, барлаушы

Джеймс Аббот (1807–1896) — ағылшын зерттеушісі, армия капитаны. 1840-жылдың сәуір-мамыр айларыңда ағылшын елшілігінің құрамында (Г.Стоддарт, В.Шекспир, А.Кополли) әскери-дипломатиялық тапсырмамен Орта Азия хандықтары мен Қазақстанда болып қайтқан.

Елшіліктің алдына қойған мақсаты Хиуа және Бұхар хандықтарын Ресейге қарсы одаққа тарту болды. Аббот осы бағытта қазақтар арасында да барлау жүргізді. 1840 жылы 4 мамырда оны Есет Көтібарұлы тұтқынға алады. Бірақ ол түрікмендердің көмегімен құтылып шығып, Ново-Александровск (қазіргі Ақтау қаласы) бекінісіндегі орыс әкімшілігіне келіп паналады. Ақыр аяғында Орынбор арқылы Петерборға жетіп, еліне оралды. Абботтың «Гераттан Хиуаға, Мәскеуге және Санкт-Петербургке саяхат күнделігі» (Лондон, 1843) аталатын 2 томдық еңбегінде Батыс Қазақстанның елді мекендері туралы көптеген дерек бар. Шеркеш, Жармұхамед есімді қазақ байларымен кездесіп, Кіші жүз қазақтарының орыстар жөніндегі көзқарасына, әскери жасақтары мен қару жарағына назар аударды.

Жоғары