Үлгі:Infobox
Өтеген Өтеғұлұлы, Мүйізді Өтеген – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен батыр, қолбасшы. 1699 жылы Шу өзенінің бойындағы Изенді өңірінде дүниеге келгіп,1773 жылы Іле өзенінің бойындағы Шолақтау, Шеңгелді өңірінде көз жұмған.Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан.
Бабасы Сырымбет 1643 жылы Батыр қонтайшының 50 мың әскеріне соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында ұрысқан. Өтеген 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып, қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор еңбек сіңірді. Түркістан, Ташкент маңындағы кескілескен ұрыстарға, Аңырақай шайқасына қатысқан. Қалмақтың Бөтхишар, Сабан Тайшық секілді аты шулы батырларын жекпе-жекте жеңіп, қазақ әскерінің даңқты қолбасшыларының біріне айналды. Төле бидің, Абылай ханның серігі болған.
Шайқастары
Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа араласқан. 1723 жылы Тауасар, Райымбек, Ханкелді батырлармен тізе қосып, жоңғарлармен айқасады. 1740 жылы Ӏле бойында қалмаққа қарсы жасақ жинаган Төле би өскеріне қосылып, елін жаудан азат етіседі. 1756 жылы шамасында Абылайдың Қытаймен бейбіт болу саясатына қарсы шығып, Жиделібайсында 17 жыл жүріп қайтыпты деген аңыз да бар. Өтеген батыр — ел арасында аңызға айналған адам.
Тарихтағы ізі
Оны алғаш жырлаған Сүйімбайдың бабасы Күсен ақын. Өтеген батыр жайында тарихи дерек жинаган тарихшы Делебаевтың материалына қарағанда, Тілеміс, Майкөт ақындар да батырды дастан етіп жырлаған екен. Бүлардың ішінде бізге жеткені — Жамбылдың "Өтеген батыр" дастаны. Кенен Әзірбаев пен Делебаев дерегіне қарағанда, Өтеген батырдан — Тарпаң, одан Бименбет — Толымбек — Жолдасбай. Соңғы ұрпағы Жолдасбай 1956 жылы Жамбыл облысы, Красногор ауданы, "Кеңес" колхозында тұрған. Өтеген батыр туралы дерек-аңыздар жинауға өдебиетшілер Е. Ысмайылов, Қ. Тұрғанбаев, Н.С. Смирнова, С. Беғалиндер қатысқан. Алматы облысының Бозой мен Қарой аралығында Өтеген батыр есімімен аталатын жерлер бар. Халық аңыздарында Өтегеннің жүрегінде түк бар екендігі туралы айтылады. Бұл тектен тек емес. Енді бір аңыздарда Өтеген туғанда оның маңдайында қос мүйіз болған екен деседі жұрт. Біз білетін Шығыс, Азия тарихына қатысты әдеби туындыларда ондай мүйізді асыл тек Ескендір Зұлқарнайын ғана. Қазақ батырлары шежіресінде мұндай нысаналы бейне жалғыз Өтеген батыр.
Сілтемелер
- Аңырақай шайқасы.
- Батыр.
- Қазақ батырлары. 10 қазанның 2009 жылы.
- Тарих
- Қазақ батырлары