Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Джордано Бруно (итал. Giordano Bruno; латын. Iordanus Brunus Nolanus; туған кездегі есімі – Филиппо Бруно; 1548 жыл, Италия, Нола – 17 ақпан, 1600 жыл, Рим) — и

Джордано Бруно

  • Басты бет
  • Джордано Бруно

Джордано Бруно (итал. Giordano Bruno; латын. Iordanus Brunus Nolanus; туған кездегі есімі – Филиппо Бруно; 1548 жыл, Италия, Нола – 17 ақпан, 1600 жыл, Рим) — италиялық философ, ақын, астроном, пантеизм өкілі.

Джордано Бруно
итал. Giordano Bruno

"Livre du recteur", 1578 ағаштан жасалған гравюраға негізделген заманауи портрет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

1548 (1548)

Туған жері

Нола, Неаполь патшалығы

Қайтыс болған күні

17 ақпан 1600 (1600-02-17)

Қайтыс болған жері

Рим, Папа облысы

Ұлты

Италиялық

Шығармашылығы
Шығармалардың тілі

Италиян тілі

Мектеп/дәстүр

Ренессанс гуманизмі
Неопифагореизм

Кезең

Ренессанс

Негізгі қызығушылығы

Философия, Космология

Негізгі пікірі

Ғарыштық плюрализм

Ықпал еткендер

Ибн Рушд, Николай Коперник

Ықпалды жалғастырушылар

Галилео Галилей, Джеймс Джойс, Готфрид Вильгельм Лейбниц, Мольер, Бенедикт Спиноза, Артур Шопенгауэр

Өмірбаяны

  • Дінге қарсы көзқарасы үшін шіркеу басшылары оны қуғынға ұшыратты. Сондықтан ол Италиядан кетіп, Францияда, Англияда, Германияда тұрды.
  • Италияға қайтып оралғаннан кейін (1592), инквизиция оны діннен безген деп айып тағып, сегіз жыл түрмеде ұстады, кейін тірідей отқа жағып өлтірді.
 
Джордано Бруно ескерткіші

Ғылыми еңбектері

Бруно философияның мақсаты табиғаттан тыс тұрған құдай бар деп білу емес, “заттардың өз құдіреті” болып табылатын табиғатты тану деп тұжырымдайды.

  • Ол ғаламның шексіз екендігі жайында идея ұсынды (“Ғалам және ғалам дүниелері, шексіздік туралы”, 1584).
  • Дүниенің физ. біртектілігін (барлық дене жер, су, от, ауа және эфирден тұрады деген 5 элемент жөнінде ілімі) мақұлдайды.
  • Бруноның алуан түрлі заттар пайда болатын біртұтас шексіз қарапайым субстанция жайындағы түсінігі қарама-қарсылықтың ішкі біртектілігі мен үйлесуі жөніндегі идеяға байланысты (“Себеп, бастама және біртұтастық туралы”, 1584).
  • Болмыстың негізгі өлшемі — монада. Монаданың әрекет етуі кезінде дене мен рух, объект пен субъект қосыла бірігеді. Ең жоғары субстанция — “монадалардың монадасы” немесе құдай: ол біртұтас болғандықтан әрбір жекеден көрініс береді. Бруноның бұл идеялары жаңа заманғы философияның дамуына зор әсерін тигізді. Ғарышнамада Бруно өз дәуірі үшін озат, ал кейін ашылған астрон. жаңалықтар бойынша дәлелденген болжамдар айтты. Олар: Күн жүйесіндегі сол кезде белгісіз планеталардың бар екені, Күн мен жұлдыздардың өз осімен айналатындығы туралы, ғаламда Күн тәріздес сансыз көп денелер бар екені жайлы, т.б. Жер мен аспанның арасында қарама-қарсылық бар деп білетін ортағасырлық пікірді бекерге шығарып, басқа дүниелерде де тіршілік болуы мүмкін деген пікірлері. Бруно поэзиялық шығармаларында классицизмге қарсы бағыт ұстанды. Клерикалшылдыққа қарсы жазған сатиралық “Нұх кемесі” атты поэмасында және филос. сонаталары мен комедияларында бұрынғы ескі ережеден бас тартып, еркін формаларға көшті.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Бастауыш

  • Сәуір 06, 2026

    Микеланджело Буонарроти

  • Сәуір 09, 2026

    КСРО елтаңбасы

  • Сәуір 09, 2026

    Отау көтеру

  • Сәуір 03, 2026

    Дина Нұрпейісова

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары