Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Николай Коперник (нем. Niklas Koppernigk; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473, Польша, Торунь – 24 мамыр 1543, Фромборк) — дүниенің гел

Николай Коперник

  • Басты бет
  • Николай Коперник

Николай Коперник (нем. Niklas Koppernigk; итал. Nicolò Copernico; пол. Mikołaj Kopernik; 19 ақпан 1473, Польша, Торунь – 24 мамыр 1543, Фромборк) — дүниенің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы поляк және неміс астрономы, математигі, механигі, экономисті, канонигі.

Николай Коперник
Mikołaj Kopernik
Niklas Koppernigk
Туған күні

19 ақпан 1473 (1473-02-19)

Туған жері

Торунь

Қайтыс болған күні

24 мамыр 1543 (1543-05-24) (70 жас)

Қайтыс болған жері

Фромборк

Ғылыми аясы

астрономия, математика, механика, экономика

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Өмірбаяны

Краков университетінде оқып, 24 жасында каноник (діни қызмет) болып сайланды. Италия мемлекетінде астрономия, философия, заң, медицина, т.б. ғылым салалары бойынша білімін жетілдірді. 1504 жылы отанына қайтып оралып, ғылыми және саяси жұмыстарға белсене араласты. Коперник Италияда, кейін өз елінде жүргізген ұзақ зерттеулері мен бақылаулары негізінде 1500 жыл бойы ғылымда үстемдік етіп келген Әлем жөніндегі Птолемей іліміне (геоцентрлік жүйе) сын көзімен қарап, оған қарсы пайымдаулар мен қорытындыларға келеді. Птолемей жүйесі бойынша Әлем кіндігі ретінде қозғалмайтын Жер қабылданса, Коперник жүйесінде Әлем кіндігі ретінде Күн алынады. Коперниктің бұл еңбегі ғылымдағы үлкен төңкеріс болды. Коперник зерттеулерінің үлкен өмірлік мәні бар.Николай Коперник жасаған аспан денелерінің қозғалыс таблицалары Птоломей таблицаларынан әлдеқайда дәлірек болды. Ал бұл сол кездегі теңіз саяхатшылары үшін аса маңызды болатын.Себебі ашық теңізде олар тек жұлдыздарға қарап бағыт ұстаған.Коперник бұл жаңалықтарын өзінің “Аспан сфераларының айналуы” атты кітабында баяндайды. Осы кітаптағы кейбір кемшіліктер кейін Иоганн Кеплер мен Исаак Ньютонның еңбектерінде түзетіліп, толықтырылды. Бұл діншілдердің аспан, Жер жайлы қате қағидаларына қатты соққы болып тиді. Сондықтан да 1616 жылы инквизиция үкімі бойынша Коперниктің кітабы “қара тізімге” алынып, оны пайдалануға қатаң тыйым салынды. Бұл тыйым тек 1822 жылы ғана күшін жойды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Өрмекші тәрізділер

  • Сәуір 07, 2026

    Барыс септік

  • Сәуір 02, 2026

    Ақмола облысы

  • Сәуір 10, 2026

    Аңыз әңгімелер

  • Сәуір 19, 2026

    Баянауыл ауылы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары