Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Дэвид Джеффри Уайнленд (Вайнланд) (ағылш. David Jeffrey Wineland; 24 ақпан 1944) — американдық физик, «жеке кванттық жүйелерді өлшеуге және басқаруға мүмкіндік

Дэвид Уайнленд

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Дэвид Уайнленд
ағылш. David Wineland
Туған күні

24 ақпан 1944 (1944-02-24)(82 жас)

Туған жері

Милуоки, Висконсин, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

оптика, кванттық механика

Жұмыс орны

NIST,
Колорадо университеті, Боулдердер

Альма-матер

Гарвард университеті,
Калифорния университеті, Беркли

Ғылыми жетекші

Норман Рамзей

Марапаттары


Үлгі:Ұлттық ғылым медалі АҚШ
Нобель сыйлығы — 2012Физика саласындағы Нобель сыйлығы (2012)

Дэвид Джеффри Уайнленд (Вайнланд) (ағылш. David Jeffrey Wineland; 24 ақпан 1944) — американдық физик, «жеке кванттық жүйелерді өлшеуге және басқаруға мүмкіндік беретін кванттық жүйелерді манипуляциялауға арналған серпінді технологияларды жасағаны үшін» деген сөздермен 2012 жылы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (Серж Арошпен бірлесіп). АҚШ Ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1992).

Өмірбаяны

Дэвид Уайнленд 1944 жылы 24 ақпанда Висконсин штатының Милуоки қаласында дүниеге келген. Ол 1961 жылы Сакраментодағы Энсин орта мектебін бітірген. 1965 жылы Берклидегі Калифорния университетінде бакалавр дәрежесін, ал 1970 жылы Гарвард университетінде — PhD дәрежесін алды. Оның диссертациясы атомдық дейтерий мазерлері туралы болды. Содан кейін Уайнленд Вашингтон университетіндегі Ханс Демельттің тобында жұмыс істеді. 1975 жылы Уайнленд Боулдердегі Ұлттық стандарттар бюросына, қазіргі NIST институтына орналасты. Оның зерттеулері оптикаға, атап айтқанда, төрт полюсті иондық тұзақтардағы иондарды лазерлік салқындатуға және кейіннен тұзаққа түскен иондарды кванттық есептеулерді орындау үшін пайдалануға бағытталған.

Уайнленд Америка физикалық қоғамының және Америка оптикалық қоғамының мүшесі.

Марапаттар мен құрметтер

  • 1990 — Дэвиссон-Джермер сыйлығы
  • 1990 — Меггерс сыйлығы
  • 1996 — Лазерлік физика бойынша Эйнштейн сыйлығы
  • 1998 — Раби сыйлығы
  • 2000 — Халықаралық кванттық байланыс сыйлығы
  • 2001 — Лазерлік физика бойынша Артур Шавлов сыйлығы
  • 2004 — Фредерик Айвс медалі
  • 2007 — Ұлттық ғылым медалі
  • 2008 — Герберт Вальтер сыйлығы
  • 2010 — Бенджамин Франклин медалі
  • 2012 — Физика бойынша Нобель сыйлығы ( Серж Харошпен бірге)
  • 2013 — Wolfgang-Paul-Vorlesung
  • 2018 — Micius Quantum Prize
  • 2020 — IRI Medal
Жоғары