| Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай | |
| Сурет:Yeldos Toktarbay.jpg | |
| Туған күні | 2 қаңтар 1993 (33 жас) |
|---|---|
| Туған жері | |
| Азаматтығы | Қазақстан |
| Ұлты | Қазақ |
| Мансабы | Жазушы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым |
| Шығармашылық жылдары | 2008 жылдан бері |
| Жанры | Проза, балалар әдебиеті, зерттеу, сын |
| Шығармалардың тілі | |
| Сыйлықтары | ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы |
| https://toktarbay.com/ | |
Елдос Нүсіпұлы Тоқтарбай (2 қаңтар 1993, Балпық би, Көксу ауданы, Жетісу облысы) — қазақ жазушысы, әдебиет сыншысы, алаштанушы-ғалым, баспагер, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорының Президенті.
Өмірбаяны
1993 жылдың 2 қаңтарында Алматы облысының Көксу ауданы, Балпық би кентінде дүниеге келген. Екі жасында әкесінен айырылып, 1995 жылдан бастап Талдықорған облысы (қазіргі Жетісу облысы), Қапал ауданы (қазіргі Ақсу ауданы), Арасан ауылында тұратын нағашыларының тәрбиесінде өскен.
Білімі
Арасан ауылындағы Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің түлегі. Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығында білім алған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасын, докторантурасын тамамдаған. РФ Ғылым академиясының Әдебиет институты (Пушкин үйі) Әдебиет теориялары мәселелері бойынша курсын оқыған. (Санкт-Петербург қаласы)
Еңбек жолы
Еңбек жолын мұғалім ретінде бастаған Елдос Нүсіпұлы әр жылдары әртүрлі қызмет атқарған.
- 12.11.2012 – 03.06.2015 жж. Арқалық көпсалалы колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы;
- 28.08.2015 – 01.04.2016 жж. С.Сейфуллин мұражайында Ғылыми-қор бөлімінің ғылыми қызметкері;
- 01.04.2016 – 01.02.2018 жж. Қазақстанның «Ақ Жол» демократиялық партиясы, идеологиялық жұмыстар бөлімінің консультанты;
- 09.10.2017 – 01.03.2018 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының сектор жетекшісі;
- 01.03.2018 – 01.10. 2018 жж. Ахмет Байтұрсынұлы Білім академиясының ғылыми хатшысы;
- 01.10.2018 – 10.05.2020 жж. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ ғылыми қызметкер;
- 19.02.2019 – 28.08.2019 жж. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің www.ruh.kz порталының бас редакторы міндетін атқарушы қызметін атқарып, педагогика, руханият, БАҚ саласындағы әр түрлі қызмет сатыларынан жүріп өткен.
- 2019 – 2023 жылдары Алаш тұлғаларын зерттеп, насихаттайтын республикалық Qyr balasy қоғамдық қорының атқарушы директоры қызметін атқарған.
- 23.07.2025 – 06.02.2026 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.
- 2024 жылдан бері ATA Creative Hub баспасының бас редакторы болып жұмыс істейді.
- 2025 жылғы 24 сәуірден бері Ілияс Жансүгіров қоғамдық қорының Президенті қызметін атқарып жатыр.
Шығармашылығы
Елдос Тоқтарбайдың шығармашылық дебюті — 2015 жылы жарық көрген «Ақжелкеннің ұландары» прозалық шығармасы.
Көркем-әдеби еңбектері
Басқа да
- «Барлыбек» («Жетісу» телеарнасы мен «Jetisufilm» студиясы) көркем фильмінің және «Айтылмаған тарих» («Хабар» телеарнасы) сериялық деректі фильмдерінің сценарийін жазған. «Ілияс» көркем фильмінің кеңесшісі.
- Бірқатар пьесалары ҚР театрларында қойылып жүр.
Әдеби портреттік эсселері
- «Сөз-сәуле» (2019)
- «Жарық сәуле» (2019)
Публицистикалық шығармалар кітабы
«Мен де АрқМПИ түлегімін...» (2014)
Романдары
- «Үзілмеген үміт»
- «Серілер сүйген сұлу»
Прозалық кітаптары
- «Ақ желкеннің ұландары» (2015)
- «Тау құсы»
- «Көгершін-жүрек»
Ғылыми зерттеу әдеби-сын, тарихи танымдық жұмыстары
Елдос Тоқтарбай алаштану мен әдебиет ғылымдарында зерттеу жүргізіп, еңбек жазған ғалым. Оның зерттеу еңбектері мен монографиялары:
- «Қаламгер, ғалым, қайраткер Ахмет Байтұрсынұлының əдеби мұрасы» (2013);
- «Қазақ әдебиеті тарихындағы түрмеде жазылған шығармалар және эмигранттық кезең» (Генезис. Эволюция. Поэтика) (2015);
- «Барлыбек туралы бірер сөз... Барлыбек Сырттанұлының өмірі мен қызметі туралы тарихи толғам» (2019);
- «Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері» (2020);
- «Абай және Алаш. Абайтанудың кейбір мәселелері» (2020);
- «Түрме әдебиеті» (2021);
- «Алаш сөзі»;
- «Жетісудағы Алаш іздері»;
- «Жетісудағы «Алаш» мектебі» (2021);
- «Millet Mektebinin Yüreği» (2022);
- «Ілиястың Ресейдегі іздері (1925–1928)» (2024).
- «Арғы жағы Хазардың, бергі жағы...» (2025);
Балалар әдебиеті
Елдос Тоқтарбайдың балалар мен жасөспірімдерге арналған әңгімелері «Кəусар бұлақ» (2012), «Аңсар» (2013), «Балауса жырлар» (2014), «Тəтті алма» (2015), «Жетісуға құйылған жылғалар» (2017), «Əдеби Қазақстан» (2018), «Тәтті алма» (2019), «Қазақстан – Белоруссия» әдеби альманахы (2020), «Құлыншақ. Жетісулық балалар жазушыларының антологиясы» (2021), 10 томдық балалалар әдебиеті прозалық шығармалар антологиясына енген.
- Ілияс Жансүгірұлы кім?
- 2 қаңтарда туғандар
- 1993 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алфавит бойынша жазушылар
- Қазақ жазушылары
- Дарын мемлекеттік сыйлығының иегерлері
- Блогерлер
- Алаштанушылар
- Жетісу облысында туғандар
- Қазақстан жазушылар одағы мүшелері
- Еуразия ұлттық университеті түлектері